Құжаттарды тапсыру үшін 2 қадамды орындау қажет:

1-ҚАДАМ – 8D10102 «Медицина» және 8D10101 «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламалары бойынша «СМУ» КеАҚ докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға алдын ала іріктеу үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 01 ақпанынан 15 сәуіріне дейін жүргізіледі.

Докторантураға түсуге үміткерлер құжаттарды тізімге сәйкес «СМУ» КеАҚ Google Drive-қа орналастырады (сканерленген түрде) және қоса берілген құжаттың сканерленген нұсқасына сілтеме арқылы докторантураға ұсынылатын сауалнаманы толтырады.

 

Құжаттар тізімі:

  1. жеке басын куәландыратын құжат;
  2. резидентураны немесе магистратураны бітіргені туралы құжат (резидентураны немесе магистратураны бітіргендер үшін) *;
  3. резидентурада немесе магистратурада оқу туралы сертификат (резидентурада немесе магистратурада студенттер үшін);
  4. жұмыс орны бойынша кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжат (магистратураны бітірген адамдар үшін кемінде 9 ай жұмыс өтілі*);
  5. соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және/немесе ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (рецензияланған журналдардағы ғылыми жарияланымдар);
  6. шетел тілін білудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шетел тілін білуді растайтын халықаралық сертификат, егер бар болса; (алдын ала іріктеу кезінде жоқ болса, онда оқуға құжаттарды қабылдаудың екінші кезеңіне тапсырылуы тиіс).

*Алдын ала іріктеу кезеңінде шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану талап етілмейді – бұл рәсім құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсыру кезінде міндетті болып табылады.

**Сертификат (TOEFL ITP (Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Program)) бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге ​​қосымша тестілеуден өтеді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өтініш беруші барлық енгізілген деректердің дұрыстығын растайды және толық жауапкершілікте болады.

Комиссия отырысының қорытындылары бойынша ағымдағы күнтізбелік жылдың 16 мамыры мен 31 мамыры аралығында комиссия докторантураға қабылдаудың екінші кезеңіне қабылдау/жібермеу туралы шешім қабылдайды.

БОЛАШАҚ ДОКТАРАНТТАР НАЗАРЫНА!

Докторантураға магистратурада білімі және кемінде 9 (тоғыз) ай жұмыс өтілі бар немесе медициналық мамандықтар бойынша резидентурадан өткен тұлғалар қабылданады.

«СМУ» КеАҚ докторантураға өтініштерді қабылдау комиссиясы және (немесе) ҰТО ақпараттық жүйесі арқылы мынадай мерзімде жүзеге асырады:

  1. 3 шілдеден 3 тамызға дейін;
  2. 25 қазаннан 10-шы қарашаға дейін.

 

Докторантураға білім беру бағдарламаларының топтары бойынша қабылдау емтихандары күнтізбелік жылдың 4-20 тамыз және 19 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізіледі.

Докторантураға қабылдау:

  1. күнтізбелік жылдың 15-28 тамызы аралығында;
  2. 26 ​​желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін.

Докторантураға қабылдауды «СМУ» КеАҚ қабылдау комиссиясы ағымдағы күнтізбелік жылдың 28 тамызынан кешіктірмей жинаған балл саны бойынша конкурс нәтижелері бойынша қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша жүзеге асырады.

2023 жылдың 3 шілдесі мен 3 тамызы аралығында Докторантураға түсушілер қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

 

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. ЖОО басшысының атына өтініш (327 кабинетте беріледі);
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. магистратура білімі туралы құжаттың көшірмесі (нотариалды куәландырылған); резиденттік куәліктің көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
  4. шетел тілін білу туралы халықаралық сертификат (түпнұсқа), шет тілін білуін растайтын:

International English Language Tests System Academic (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), пороговый балл – не менее 5.5;

Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT), пороговый балл – не менее 46 баллов;

Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP), пороговый балл – не менее 460;

Неміс тілін:

Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В2 (DSH, Niveau В2) – уровень В2;

TestDaF-Prufung Niveau В2 (TDF Niveau В2) –не ниже уровеня В2;

Француз тілін:

Test de Français International (TFI) – не ниже уровня В2 по секциям чтения и аудирования;

Diplome d’Etudes en Langue français (DELF) – не ниже уровеня B2;

Diplome Approfondi de Langue français (DALF) – не ниже уровеня B2;

Test de connaissance du français (TCF) – не ниже уровеня B2;

  1. соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар, зерттеу жоспары, эсселер және басқа да құжаттар (бар болса);
  2. 6 фотосурет 3×4 см өлшемінде;
  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы No ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075-У нысанды медициналық анықтама (флюорографиядан өту туралы картамен бірге (көшірме);
  4. кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ (кеңсе тауарларынан жаңасын сатып алу және оны толтыру);
  5. еңбек кітапшасы (жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшірме);
  6. алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау» білім беру саласы бойынша) («Ғылыми-зерттеу бөлімінен хаттама үзінді көшірмесін алу қажет);
  7. Қазақ тілін білу туралы ҚАЗТЕСТ сертификаты (түпнұсқа және көшірме);
  8. скоросшиватель, конверт А5.

 

15 тамыз бен 28 тамыз аралығында конкурстық іріктеуден өткеннен кейін үміткер келесі құжаттарды ұсынуы керек:

  1. Докторантураға оқуға қабылдануға өтініш жазу;
  2. Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім беру қызметін көрсетуге шарт (2 данада басып шығару және толтыру);
  3. Грантқа үміткерлер үшін сайттан міндеттемемен келісімді жүктеп алып толтырыңыз (міндеттеме, келісім).

 

Өтініш берушінің қатысуымен жүргізілетін салыстырып тексеру үшін құжаттардың көшірмелерімен бірге олардың түпнұсқалары ұсынылады. Тексеруден кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады.

 

!!! Осы тармақта көрсетілген құжаттардың толық емес тізбесін ұсынған кезде қабылдау комиссиясы үміткерлерден құжаттарды қабылдамайды.

 

ҚАЗТЕСТ жүйесі сертификатын тексеру

Докторантураға қабылдау ережелері

Құрметті «СМУ» КеАҚ PhD бағдарламасына оқуға түсуге үміткерлер!

«СМУ» КеАҚ-ның PhD докторантурасына түсушілерді алдын ала іріктеу үшін құжаттарды тіркеу және қабылдау мына сілтеме бойынша өтіңіз:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdYgx3Z9i88eSrIbYSwFlR_Ie5upw3fclKDakiSOwbm7p6zlA/viewform?usp=sf_link

 

Эссе үлгісі

Тіркелген құжаттар

АтауыСілтемелер
«СМУ» КеАҚ магистратурасына және докторантурасына қабылдау туралы ереже
Білім беру қызметін көрсету шарттары
Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім
Докторантураға қабылдау ережелері
Докторантураға оқуға қабылдануға өтініш
Еңбекпен өтеу міндеттемесі
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы
ЖОО басшысының атына өтініш
Қабылдау емтихандарының нәтижелері
Қабылдау емтихандарының сұрақтары
Қабылдау емтиханының кестесі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы
Эссе жазуға арналған нұсқаулар
Эссе үлгісі