Табиғат аясында

Салауатты өмір салтын ұстанып, 2020 жылғы 9 ақпан күні «Жалпы медицина» мамандығының 2102 топ студенттері, куратор Б.А. Жорғатаевамен бірге табиғат аясына шықты. Студенттер әртүрлі қызықты ойындар ойнап, жақсы көңіл көтерді. Шаңғы теуіп, атпен серуендеп, таудан сырғанап, бой сергітіп, қаламыздың қарағайлы орманында, тамаша табиғат аясында демалыстарын өткізіп қайтты.   Куратор Б.А. Жоргатаева Топ старостасы Н.Н. Мазыбаева

Details

Коронавирус індеті бойынша дөңгелек үстел

2020 жылдың 11 ақпанда 123 (1317) топта коронавирус індеті бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты – коронавирустың алдын алу бойынша ақпаратпен студенттерді қамтамасыз ету. Дөңгелек үстел барысында білім алушылар коронавирустың алдын алу тәсілдерін және вирустық жұқпаның таралуының негізгі жолдарын талқылады. Топ кураторы Р.Ж. Екібаев салауатты өмір салтын ұстану, дене шынықтыру, сонымен бірге, дұрыс және құнарлы…

Details

Науқас адаммен қалай қарым-қатынас жасау керек?

Ақпан айының 6-шы жұлдызы күні жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Д.Р. Рымбаеваның жетекшілігімен “Науқас адаммен қалай қарым-қатынас жасау керек?” атты шағын ақпараттандыру өтті. Оған 1211 және 1318 “Жалпы медицина” мамандығы бойынша 1 курс студенттері қатысты. Шағын ақпараттандыру 1318 топ студенті Айдосов Жандостың жүргізуімен өтті. Ақпараттандыру өткізудегі мақсат – дәрігердің науқас адамдармен…

Details

Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күніне орай дәріс өтті

2020 жылғы ақпан айының 4-ші жұлдызы күні Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күніне орай жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Д.Р. Рымбаеваның жетекшілігімен дәріс өтті. Дәріске 1211 және 1318 “Жалпы медицина” мамандығы бойынша 1 курс студенттері қатысты. Дәріс өткізудегі мақсат – обыр ауруларының алдын алу, өзекті мәселелерді талқылау, өмір сүру сапасын арттыру. 1211…

Details

Валеологиялық сананы қалыптастыру

Қоғамдық денсаулық кафедрасының оқытушылары салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Семей қаласының оқу мекемелерінде ақпараттық – насихат жұмыстарын жүргізеді. Дәл осы балалар мен жасөспірімдер салауатты өмір салтын қалыптастыру ісіндегі ең перспективалы жас санаты болып табылады. 6 Ақпан 2020 жылы доцент Ш.М. Токешева, оқытушылар М.Б. Бейсенғазина, С.К. Нұртазина “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының (401, 402, 403) топ студенттерімен…

Details

Қыс кезіндегі пайдалы демалыс

Қыс – бұл жылдың керемет уақыты, оны үйіңнің төрт қабырғасында өткізбеу керек, оны көңілді және денсаулыққа пайдалы етіп өткізген дұрыс. Осы мақсатпен 2020 жылдың  8 ақпанында 2227 топ студенттері кураторы ЖББП кафедрасының оқытушысы Г.Н.Табулдиновамен бірге Семей қаласының қарағайлы орманында орналасқан шаңғы базасына барып қайтты.  Аталған шара топтағы  тәрбие жұмысының жоспары бойынша ұйымдастырылды.  Бұл сенбілік демалыста…

Details