Барлығын қарауАкадемиялық ұтқырлықКомплаенс-офицерКәсіподақ комитетінің демеушілігі және ынтымақтастығыДипломнан кейінгі білім беру, жұмысқа орналасу жəне түлектер мансабы мектебіДөңгелек үстелдерErasmus+ ХКҰ жаңалықтарыErasmus+ жаңалықтарыЕсте қаларлық күндерҒылыми конференциялар мен іс-шаралар туралы жаңалықтарҒылыми стартап жобаларыҒылыми жұмысХалықаралық күндерХалықаралық ынтымақтастық"HARMONEE" жобасының жаңалықтарыІс-шараларКәсіподақ комитетіКәсіптік бағдар беруКатегориясызКітапхана жаңалықтарыКонкурстарКураторлық сағаттарМарапаттау рәсімдеріМерекелерОқу процесіОқушыларӨскемен қ. филиал"ProInCa" жобасының жаңалықтарыҚоғамдық өмірСеминарларШеберлік сағаттарыСМУ-дағы іс-шараларСпорттық іс-шараларТуған күндерТұрақты даму мақсаттарыУниверситеттік госпитальВолонтерлік жұмысЖұмыспен қамту

Семей медицина университетінде шағын футбол алаңы ашылды

2019 жылғы 28 қыркүйек күні Жастар жылына орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Семей медицина университетінде шағын футбол алаңының салтанатты ресми ашылуы өтті. Салтанатты іс-шараға Басқарма Төрағасы – Ректор Е.Т. Жүнісов, Семей қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі секторының меңгерушісі А.А. Құрманғалиев, дене тәрбиесі кафедрасының ардагері Т.Г. Селихова, спорт ардагерлері, студенттер мен оқытушылар қатысты.…

Details

«Шырайлы шаһарым-Семейім»

Қыркүйек айының соңғы жексенбісі-қарт Ертістің жағасында еркелей көсілген сүйікті қаламыз Семейдің төл мерейтойы дүркіреп атап өтілді. Біз, Семей медицина университетінің 3-курс жалпы медицина факультетінің 3124-топ және 3126-топ суденттері, Т.А. Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы магистр, куратор Қанатбекова Арайлым Қанатбекқызымен орталық алаңдағы мерекелік іс-шараны тамашалауға бардық. Тарихы терең, тума таланттардың кіндік қаны тамған Семей қаласының…

Details

Мектеп оқушыларының рационалды тамақтануы

Мектеп кезеңі өсудің қарқынды үдерістерімен, сүйек қаңқасы мен бұлшықеттерінің ұлғаюымен, зат алмасуының күрделі қайта құрылуымен және ағзаның әртүрлі жүйелерінің қызметімен сипатталады. Осы жас кезеңінің ерекшеліктеріне ақпарат ағынының өсуіне, мектеп бағдарламаларының күрделенуіне, сабақтардың қосымша жүктемелермен үйлесуіне байланысты оқушылардың айтарлықтай ақыл-ой қарқындылығы жатады. Бұл кезеңде тамақтанудың бұзылуы асқазан-ішек жолдарының функционалдық бұзылулары мен созылмалы ауруларына ғана емес, сондай-ақ,…

Details

Университет мұражайындағы экскурсия

Семей Медицина университеті «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 1 курс 1210 тобының студенттері 2019 жылдың 11 қыркүйек күні «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова» атындағы және «Университет тарихы» мұражайына экскурсия жасады. Мұражай қызметкерлері ғажайып атмосфера орната отырып 5 бөлімнен тұратын көрсетіліммен таныстырды: «Мәншүктің балалық шағы», «Мәншүктің жасөспірімдік шағы», «Мәншүктің әскери ерлігі», «Солдаттар», «Жадымызда және жүрегімізде». Экскурсия мақсаты…

Details

Медицина мектебі кафедраларды аралап қайтты

Қыркүйектің 19 және 24 аралығында Медицина мектебі қызметкерлері мектепке қарасты кафедралардың жаңа оқу жылына дайындық деңгейін, жаңа оқу бағдарламасын енгізуге байланысты туындаған мәселелерді анықтау мақсатында мектеп деканы Л.А. Пак және декан орынбасарлары А.С. Бужеева, Л.К. Садыкова кафедраларды аралап қайтты. Кафедраларды аралау барысында олардың профессорлық-оқытушылық құрамының толық қамтамасыз етілуі, білім алушылардың пәндер бойынша қазіргі заманғы ақпарат…

Details

Семей медицина университеті студенттері республикалық театрлар фестивалін тамашалады

20-25 қыркүйек аралығында халық әртісі Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында алғаш рет Семей қаласында ХХVII Республикалық театрлар фестивалі ұйымдастырылды. Осы аталмыш фестивальде еліміздің түпкір-түпкірінен келген өнер ордалары бас қосып, өз өнерлерімен халықты таңғалдырды. Жұрттың ыстық ықыласына бөленіп жүрген театр жұлдыздарының өнерін біз де 327-топ болып, қойылымды  тамашаладық. А. Пушкиннің «Евгений Онегин» қойылымын көре отырып,…

Details