Барлығын қарауАкадемиялық ұтқырлықКомплаенс-офицерКәсіподақ комитетінің демеушілігі және ынтымақтастығыДипломнан кейінгі білім беру, жұмысқа орналасу жəне түлектер мансабы мектебіДөңгелек үстелдерErasmus+ ХКҰ жаңалықтарыErasmus+ жаңалықтарыЕсте қаларлық күндерҒылыми конференциялар мен іс-шаралар туралы жаңалықтарҒылыми стартап жобаларыҒылыми жұмысХалықаралық күндерХалықаралық ынтымақтастық"HARMONEE" жобасының жаңалықтарыІс-шараларКәсіподақ комитетіКәсіптік бағдар беруКатегориясызКітапхана жаңалықтарыКонкурстарКураторлық сағаттарМарапаттау рәсімдеріМерекелерОқу процесіОқушыларӨскемен қ. филиал"ProInCa" жобасының жаңалықтарыҚоғамдық өмірСеминарларШеберлік сағаттарыСМУ-дағы іс-шараларСпорттық іс-шараларТуған күндерТұрақты даму мақсаттарыУниверситеттік госпитальВолонтерлік жұмысЖұмыспен қамту

НЖЖ модулі бойынша олимпиада

Бүгін 4213 оқу тобы куратор Баян Алпысбаевнамен бірге несеп-жыныс жүйесіне арналған топаралық олимпиада ұйымдастырып, өткізді. Шараға акушерлік, гинекология, нефрология және урология пәндерін қамтитын үш топ қатысты. Олимпиада кәсіби құзыреттіліктерді, клиникалық ойлауды және командалық жұмысты дамытуға бағытталған. Олимпиада бағдарламасы бірнеше маңызды кезеңдерді қамтыды: • BLITZ сұрақтары • Ситуациялық есептерді шешу • Практикалық дағдылар бойынша жарыстар. Олимпиада…

Details

Кәсібилікке бастар жол: Арынгазинова Дильназдың халықаралық педиатрия олимпиадасына дайындығы

Педиатрия және медициналық оңалту кафедрасының ассистенті Тусупова Д.М. жетекшілігімен интерн-педиатр, 6 курс студенті Арынгазинова Дильназ Қазан мемлекеттік медицина университеті ұйымдастырған «Педиатрия — болашаққа көзқарас» атты студенттік олимпиадаға дайындалды. МТС Линкс платформасында қашықтықтан өткізілетін бұл олимпиада педиатрия саласындағы теориялық және практикалық білімді, клиникалық ойлау қабілетін және шығармашылық шешім қабылдау дағдыларын анықтауға бағытталған. Қатысушыны дайындау үдерісі бірнеше…

Details

Хирургиялық стоматологиядан олимпиада

2025 жылдың “28” сәуірінде “Семей медицина университеті” КЕАҚ стоматологиялық пәндер кафедрасында Шинбирев Николай Афанасьевичтің 100 жылдығына арналған “хирургиялық стоматология” пәні бойынша олимпиада өткізілді. Шинбирев Н. А. Пермь медициналық институтын бітірген. 1980 жылы СММИ стоматология курсы бойынша госпитальдық хирургия кафедрасының доценті лауазымына қабылданды, емдеу және педиатрия факультетінде сабақ берді. Павлодар, ШҚО және Семей облыстарында дәрігер-стоматолог-интерндерді аттестаттаудан…

Details

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери – медициналық эстафета

2025 жылғы 8 мамырда Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы, Әскери кафедра, симуляциялық технологиялар кафедрасы, мейірбике кафедрасы және Д. Қалматаев атындағы жоғары медициналық колледжі арасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған “Ұлы Жеңіс: ерікке тағзым, ұрпаққа үлесі“ атты қалалық әскери – медициналық эстафета өткізілді. Эстафетаға” СМУ” КЕАҚ әскери кафедрасында оқитын 3 және 4 курс студенттерінен құралған командалар қатысты Эстафета барысында алғашқы медициналық көмек көрсету және шартты түрде жараланғандарды “ұрыс алаңынан“ шығару бойынша практикалық мәселелер пысықталды. Эстафета ұйымдасқан түрде өтті, қатысушылардың алдына қойылған мақсаттар толық көлемде орындалды. Студенттер қойылған міндеттерді орындауға белсенді қатысты. Жеңімпаздар орын алғандары үшін грамоталармен және медальдармен марапатталды. Әскери кафедра эстафетаны өткізуге қатысқан кафедраның барлық оқытушыларына алғысын білдіреді. Тәрбие жұмысына жауапты медицина қызметінің подполковнигі Н. Смаилов

Details

«Үздік ғылыми жұмыс» байқауының жеңімпазы

2025 жылдың наурыз айында «Жалпы медицина» мамандығының 439 тобының студенті Аймен Захра балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті, куратор Тугелбаева Айгуль Маулетбаевнаның жетекшілігімен «Үздік ғылыми жұмыс» халықаралық байқауына қатысып, жеңімпаз атағын иеленді, ол 1-дәрежелі дипломмен және «Үздік ғылыми жұмыс»  төсбелгісімен марапатталды. Ғылыми-зерттеу конкурстың негізгі мақсаты мен міндеттері: студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандыру, ең дарынды және…

Details

2025 жылы 11 сәуірде С. Д. Асфендияров атында5ы қазақ ұлттық медицина университеті ұйымдастырған

2025 жылы 11 сәуірде С. Д. Асфендияров атында5ы қазақ ұлттық медицина университеті ұйымдастырған “Алға қадам“ кәсіби шеберлік олимпиадасы–байқауы өтті.. Олимпиадаға түрлі жоғары оқу орындарының стоматология факультеттерінің студенттері қатысты. КеАҚ “Семей медицина университеті“ атынан 2 курс студенттерін қатысты: Копейкин Дмитрий, Бекетов Алексей,  және 3 курс студенттері Манаков Мерей және Чернова Карина. Күрделі шығармашылық сайыстан кейін біздің студенттер С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың атақты профессорлары арасынан берік және байсалды қазылар алқасының жоғары бағасын және таңданысын алып, тамаша теориялық және практикалық дайындықтарын көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша: Копейкин Дмитрий–1 орын, Бекетов Алексей–2 орын. Біздің студенттер жоғары кәсіби дағдыларын  және тамаша нәтижелер көрсетті. ҚазҰМУ Стоматология мектебінің деканы. С. Д. Асфендиярова кафедраның профессор–оқытушылар құрамы мен басшылығына алғыс хат жолдады.