Барлығын қарауАкадемиялық ұтқырлықКомплаенс-офицерКәсіподақ комитетінің демеушілігі және ынтымақтастығыДипломнан кейінгі білім беру, жұмысқа орналасу жəне түлектер мансабы мектебіДөңгелек үстелдерErasmus+ ХКҰ жаңалықтарыErasmus+ жаңалықтарыЕсте қаларлық күндерҒылыми конференциялар мен іс-шаралар туралы жаңалықтарҒылыми стартап жобаларыҒылыми жұмысХалықаралық күндерХалықаралық ынтымақтастық"HARMONEE" жобасының жаңалықтарыІс-шараларКәсіподақ комитетіКәсіптік бағдар беруКатегориясызКітапхана жаңалықтарыКонкурстарКураторлық сағаттарМарапаттау рәсімдеріМерекелерОқу процесіОқушыларӨскемен қ. филиал"ProInCa" жобасының жаңалықтарыҚоғамдық өмірСеминарларШеберлік сағаттарыСМУ-дағы іс-шараларСпорттық іс-шараларТуған күндерТұрақты даму мақсаттарыУниверситеттік госпитальВолонтерлік жұмысЖұмыспен қамту

Ұстаз – ұрпақ тағдырын қалыптастыратын ұлы тұлға

Қазан айының алғашқы аптасында елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде Ұстаздар күні аталып өтеді. Бұл — тек кәсіби мереке ғана емес, білім мен тәрбиенің шамшырағы болған ұстаздарға деген халықтың шынайы ықыласы мен құрметінің белгісі. Ұстаз — шәкірттің жүрегіне жол тауып, оның болашағына бағыт-бағдар беретін, адам ретінде қалыптасуына үлес қосатын рухани жетекші, ұлы тұлға. 2025 жылғы 3…

Details

Болашақ дәрігерлерге — қауіпсіз тәжірибе алаңы

Семей медицина университетінің Оқу-клиникалық орталығында заманауи жабдықтармен және жоғары технологиялы робот-симуляторлармен жабдықталған интенсивті терапияға арналған симуляциялық палата ашылды. Бұл құрылғылар түрлі ауыр жағдайларды модельдеуге мүмкіндік береді, соның арқасында білім алушылар нақты клиникалық тәжірибеге барынша жақын жағдайларда пациенттерді жүргізу бойынша практикалық дағдыларын қауіпсіз түрде шыңдай алады. Жабдықтар ересектер мен балаларға жедел жәрдем көрсету және интенсивті терапия…

Details

«Бүйрек аурулары бар науқастардың тамақтануы» – дөңгелек үстел

Семей қаласының «Бүйрек орталығы» мекемесінде ішкі аурулар және ревматология кафедрасының қызметкерлері Д.К. Қожахметова, Г.Қ. Қапанова, және А.С. Ботабаеваның ұйымдастыруымен «Профилактикалық нефрология мектебі» аясында нефрология және гемодиализ бөлімшелерінің пациенттері үшін «Бүйрек аурулары бар науқастардың тамақтануы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға 1 оқу жылының резидент-нефрологтар қатысып, стационарлық науқастарға тамақтану туралы жадынамалар дайындады. Талқылау барысында пациенттерге созылмалы бүйрек…

Details

Қарттар күні — құрмет пен алғыс күні

1 қазан — Халықаралық қарттар күні. Бұл күн – аға буын өкілдеріне деген жылулық, құрмет пен алғысқа толы мейрам. Бұл тек күнтізбедегі дата емес, сонымен қатар қоғам үшін баға жетпес өмірлік тәжірибе мен даналық иелеріне терең ризашылық білдіру мүмкіндігі. 2025 жылғы 2 қазанда профессор, медицина ғылымдарының докторы, НАЕН РК корреспондент-мүшесі Дюсупов А.З. атымен аталатын жедел…

Details

СӨС қалыптастыру, дене шынықтыру және жыныстық тәрбие беру тақырыбындағы кураторлық сағат

2025 жылғы 3 қазанда Қоғамдық денсаулық кафедрасының аға оқытушысы А. К. Атабаева кураторлық сағат шеңберінде 5-курс ОМ 5347 және 1-курс ҚД 102 студенттерімен топпен салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене белсенділігінің рөлі және жыныстық тәрбие мәселелері тақырыбында әңгімелесу өткізілді. Күннің дұрыс режимінің, теңдестірілген тамақтанудың, спортпен шұғылданудың маңыздылығы, сондай-ақ өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы талқыланды. Аурулардың алдын…

Details

Зиянды әдеттер. Буллинг. Лудомания

2025 жылғы 24 қыркүйекте А.А. Қозбағаров атындағы акушерлік және гинекология кафедрасында топ кураторы Егежаноа Г М мен, жалпы медицина факультетінің 4323 тобының студенттерімен кураторлық сағат өткізілді.Топтағы тәрбие жұмысы аясында «Зиянды әдеттер. Буллинг. Лудомания» тақырыбында ашық кураторлық сағат ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – студенттердің өз денсаулығына және әлеуметтік мінез-құлқына жауапкершілігін арттыру, студенттік ортадағы жағымсыз құбылыстардың алдын алу,…

Details