Бірінші курс студенттерін ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру
04.09.2025 бірінші курс тобының 1127, “Медицина” мамандығының кураторы Динара Ормбаевна Садықовамен танысуына және «МУС» КЕАҚ негізгі құжаттарымен және ережелерімен танысуға арналған кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағат барысында білім алушылар “Семей медицина университеті” КЕАҚ білім алушыларының пән саясатымен, академиялық саясатымен және білім алушылардың ішкі тәртіп Ережелерімен, білім алушылардың Әдеп кодексімен, өткізіп алған сабақтарды пысықтау тәртібі және академиялық айырмашылықты жою туралы ережемен танысты. Кураторлық сағаттың соңында білім алушылар өз сұрақтарына жауап алды және кері байланыс жүргізілді.






