Барлығын қарауАкадемиялық ұтқырлықКомплаенс-офицерКәсіподақ комитетінің демеушілігі және ынтымақтастығыДипломнан кейінгі білім беру, жұмысқа орналасу жəне түлектер мансабы мектебіДөңгелек үстелдерErasmus+ ХКҰ жаңалықтарыErasmus+ жаңалықтарыЕсте қаларлық күндерҒылыми конференциялар мен іс-шаралар туралы жаңалықтарҒылыми стартап жобаларыҒылыми жұмысХалықаралық күндерХалықаралық ынтымақтастық"HARMONEE" жобасының жаңалықтарыІс-шараларКәсіподақ комитетіКәсіптік бағдар беруКатегориясызКітапхана жаңалықтарыКонкурстарКураторлық сағаттарМарапаттау рәсімдеріМерекелерОқу процесіОқушыларӨскемен қ. филиал"ProInCa" жобасының жаңалықтарыҚоғамдық өмірСеминарларШеберлік сағаттарыСМУ-дағы іс-шараларСпорттық іс-шараларТуған күндерТұрақты даму мақсаттарыУниверситеттік госпитальВолонтерлік жұмысЖұмыспен қамту

Психологиялық тренинг — болашақ дәрігерлердің кәсіби дамуына арналған тәжірибе алаңы

2025 жылдың 2 мамырында Тусупова Д.М. атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к. Алимбаева А.Р және кафедра оқытушысы Алибек Е. бастауымен «Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығында» Әлихан Бөкейханов университетінің гуманитарлық факультетінің 4-курс студенттері Балтабаева Анель Қанатқызы мен Рыскалиева Анар Рахатқызының ұйымдастыруымен 701 және 702 топтың жалпы тәжірибелік дәрігер-интерндеріне арналған психологиялық…

Details

Безеу

2025 жылдың 15 мамырында КММ «А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ» жанындағы алдын алу медицинасы мектебі шеңберінде ЖДП кафедрасы меңгерушісі профессор Дюсупова А.А. және академиялық жетекші, м.ғ.к., доцент м.а. С.М. Адильгожинаның жетекшілігімен жасөспірімдер арасында “Акне — бұл үкім емес!” тақырыбында семинар өткізілді. Безеу – бұл тері майының шамадан тыс бөлінуі, тері тесіктерінің бітелуі және Cutibacterium acnes бактерияларының көбеюі…

Details

«Сарбаз болып тумайды: Сталинград шайқасы әдебиетте» көрмесі

08.05.2025 жылы  3513 медицина тобының студенттері психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті Алмагамбетова А.А.-мен бірге Ф.М. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайда өткен «Сарбаз болып тумайды: Сталинград шайқасы әдебиетте» атты көрмеге қатысты. Көрме Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған және Екінші дүниежүзілік соғыстың ең шешуші әрі қаһармандық шайқастарының бірі — Сталинград шайқасына және оның көркем әдебиеттегі бейнесіне…

Details

Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери-медициналық эстафета

2025 жылдың 8 мамырында Ұлы Отан соғысының Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Семей медициналық университетінде әскери дайындық, қоғамдық денсаулық, симуляциялық және білім беру технологиялары, медбике ісі кафедраларымен бірлесіп ұйымдастырылған, университет студенттері, оқытушылары мен қызметкерлерін біріктірген әскери-медициналық эстафета өтті. Іс-шара патриоттық рухты нығайтуға, тарихи жадыны сақтауға және тұрақты дамудың негізгі қағидаттарын, әсіресе денсаулық сақтау, білім беру…

Details

Ардагерлерге сый – құрмет!

2025 жылғы 6 мамырында тәрбие жұмысына жауапты әскери кафедра бастығының орынбасары медицина қызметінің подполковнигі Н. С.Смаилов және 4 курс студенттері “Әскери медик“ әскери – патриоттық клубының мүшелері еріктілер қозғалысы бөлімінің “СМУ” КЕАҚ тұрақты даму мақсаттарын орындау мақсатында әскери кафедра ардагері Гүлжанат Жұмабайқызы Мырзабаеваға барды. Сапар барысында ардагерден денсаулығы жайлы, өмір сүру жағдайлары, әлеуметтік қызметкердің уақтылы келуі, кім күтім жасайтыны туралы әңгімелестік. Кездесу қорытындысы бойынша ардагерге бағалы сыйлық, азық-түлік жиынтығы мен гүлдер сыйға тартылды. “СМУ” КЕАҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы А.К. Букатовқа осы іс–шараға демеушілік көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз. Тәрбие жұмысына жауапты Медицина қызметінің подполковнигі Н.Смаилов

Details

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылу күніне арналған салтанатты жиналыс!

2025 жылғы 6 мамырда “Семей медицина университеті“ КЕАҚ әскери кафедрасында оқитын 4 курс студенттері мен оқытушылары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күніне арналған Семей қаласының әкімшілігі, “Шығыс“ өңірлік қолбасшылығының қолбасшылығы, Абай облысының прокуратурасы өткізген іс –шараға қатысты. Салтанатты жиын Семей қаласының қалалық мәдениет үйінде өтті, Семей қаласы әкімінің орынбасары, “Шығыс“ РМҚК қолбасшысы, Абай облысының прокуроры құттықтау сөз сөйледі. Жауынгерлік дайындық үздіктері грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармонияның ұжымы мен қаланың би ұжымдары әскери жылдардағы әндерімен мерекелік концерт ұсынды.   Әскери кафедра оқытушысы медицина қызметінің  подполковнигі И. Шерстобитов

Details