Барлығын қарауАкадемиялық ұтқырлықКомплаенс-офицерКәсіподақ комитетінің демеушілігі және ынтымақтастығыДипломнан кейінгі білім беру, жұмысқа орналасу жəне түлектер мансабы мектебіДөңгелек үстелдерErasmus+ ХКҰ жаңалықтарыErasmus+ жаңалықтарыЕсте қаларлық күндерҒылыми конференциялар мен іс-шаралар туралы жаңалықтарҒылыми стартап жобаларыҒылыми жұмысХалықаралық күндерХалықаралық ынтымақтастық"HARMONEE" жобасының жаңалықтарыІс-шараларКәсіподақ комитетіКәсіптік бағдар беруКатегориясызКітапхана жаңалықтарыКонкурстарКураторлық сағаттарМарапаттау рәсімдеріМерекелерОқу процесіОқушыларӨскемен қ. филиал"ProInCa" жобасының жаңалықтарыҚоғамдық өмірСеминарларШеберлік сағаттарыСМУ-дағы іс-шараларСпорттық іс-шараларТуған күндерТұрақты даму мақсаттарыУниверситеттік госпитальВолонтерлік жұмысЖұмыспен қамту

«ТДМ 4: Сапалы білім беру» Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында

«Тұрақты Даму Мақсаттары»(ТДМ) аясында 2025 жылы сәуір айында ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы асистенті Қайдарова Сая Балташевнаның жетекшілігімен студенттер арасында іс-шаралар жүргізілді. Бұл іс-шаралар БҰҰ жариялаған «Тұрақты Даму Мақсаттарын» (ТДМ) насихаттауға және болашақ медицина қызметкерлерін жаһандық мәселелерге жауапкершілікпен қарауға баулуға бағытталды.   2025 жылдың 26 сәуірінде 3616-топ студенттерінің қатысуымен «ТДМ 4:  Сапалы білім беру» тақырыбында іс-шара…

Details

2025 жылдың 4 мамырында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Уразалина Н.М. 3628-кураторлық тобы және «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3411-қазақ тобымен бірге Жидебай өңірінде орналасқан Абай мұражайына барды. Экскурсия барысында «Визит» туристік фирмасының гиді Азамат Абай мен Мұхтар Әуезовтің тарихи және мәдени мұралары туралы жан-жақты ақпарат берді. Бұл сапар ұлы ойшылдың 180 жылдығына арналды. Алғашқы аялдама – Күшікбай батыр ескерткіші болды. Күшікбай – қазақ халқының тарихындағы танымал батырлардың бірі. Бұл жер – біздің ата-бабаларымыздың мекені, олар осы даланы, осы тау мен тасты қорғады. Бұл кешен тек бір рудың немесе тайпаның ғана емес, бүкіл қазақ халқының тарихын бейнелейді. Батырдың моласының жанында оның аты мен домбырасы да қойылған. Сондай-ақ қасында тіпті қыстың қатты аязында да қатпайтын шипалы бұлақ орналасқан. Жолда студенттер Еңлік пен Кебек мазарына да барды. Жол бойынан Еңлік пен Кебекке арналған пирамида тәрізді обелиск көрінді. Ол – шексіз махаббат пен екі жас арасындағы ғашықтық хикаясына арналған ескерткіш. Бұл жерді қазақ халқының махаббат символы деп атауға болады. Сапар аясында студенттер Абайдың шығармашылық мекені болып саналатын Абай ауданындағы Жидебай-Бөрілі кешенінде болды. Абайдың көптеген шығармалары дәл осы Жидебайда жазылған. Кешен құрамына Абайдың Жидебайдағы мұражай-қорығы, Бөрілідегі Мұхтар Әуезов мұражайы және 6 мың гектардан асатын басқа да тарихи орындар кіреді. Мұражайда Абайға қатысты архивтік материалдар, түрлі құжаттар, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін көрсететін бұйымдар, сол дәуірде өмір сүрген ақындардың қолжазбалары мен суреттері қойылған. Экспонаттар халықтың тұрмысы мен мәдениетін, өнерін бейнелейді. Көптеген заттар Абайдың өз қолымен қолданған заттар. Бұл заттардың алуан түрлілігі Абай мұрасының тек көркемдік тұрғыда ғана емес, ғылыми тұрғыдан да қазақ халқының рухани әлемін жан-жақты ашуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді. Кураторлық 3628 топтың студенттері мен 3411-қазақ тобының студенттері бұл сапардан көптеген қызықты мағлұматтар алып, ұмытылмас әсермен оралды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасы.

2025 жылдың 4 мамырында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Уразалина Н.М.  3628-кураторлық тобы және «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3411-қазақ тобымен бірге Жидебай өңірінде орналасқан Абай мұражайына барды. Экскурсия барысында «Визит» туристік фирмасының гиді Азамат Абай мен Мұхтар Әуезовтің тарихи және мәдени мұралары туралы жан-жақты ақпарат…

Details

«Қазақстан халықтарының бірлігі күні» тақырыбында куратор сағаты.

2025 жылдың 30 сәуірінде терапия кафедрасының ассистенті Рыскенова А.Е «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты: Студенттердің патриоттық сезімін ояту, қазақ халқының мәдениетіне, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына, тарихы мен мұрасына құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасында тұратын басқа этностардың мәдениетіне, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарауға тәрбиелеу. Кураторлық сағатта 124 ұлт өкілдері…

Details

Әржүректе — патриотизм: 9 мамыр — Жеңіскүні

2025 жылғы 8 мамырда психиатрия және наркология кафедрасында патриоттық тәрбие аясында «Әржүректе — патриотизм: 9 мамыр — Жеңіскүні» тақырыбында көшпелі кураторлық сағат өткізілді. Өткізуорны: Жеңіс саябағы. Қатысушылар: 5313 топтың медицина мамандығының студенттері. Ұйымдастырушы: кафедра ассистенті, куратор Алмагамбетова А.А. Іс-шараныңмақсаты — студенттердің Ұлы Отан соғысы оқиғалары туралы тарихи білімін тереңдету, патриоттық сезімін, азаматтық жауапкершілігін, Отанымыздың бостандығы…

Details

Естелік пен мақтаныш: Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

2025 жылғы 9 мамырда біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеміз. Бұл оқиға фашизмді жеңген халықтардыңизмігін, батылдығы мен бірлігін бейнелейді. Қазақстан халқы жалпы жеңіске айтарлықтай үлес қосты: 1,2 миллионнан астам қазақстандық майданнан өтті, олардың 600 мыңнан астамы үйлеріне оралмады. Біздің отандастарымыз Сталинград шайқасы мен Берлинге шабуыл сияқты негізгі шайқастарда өздерін дәлелдеді, ал тылда…

Details

1307 топта (Фармация) Аналар күніне арналған кураторлық сағат

6 мамырда “Фармация” мамандығының 1307 тобында Аналар күніне арналған кураторлық сағат өтті. Іс-шара барысында студенттер мерекенің тарихымен, оның маңыздылығымен және әртүрлі елдердегі тойлау дәстүрлерімен танысты. Кураторлық сағат барысында ананың қамқорлығының маңызы, әр адамның өміріндегі ананың рөлі және аналарға деген құрмет пен ризашылық білдіру қажеттілігі талқыланды. Әсіресе, Қазақстандағы және басқа елдердегі Аналар күнін тойлау дәстүрлеріне назар…

Details