Профилактикалық медицина мектебінің жұмысы
2 сәуірде қолды гигиеналық тәсілмен өңдеу мәселелеріне арналған профилактикалық медицина мектебінің жұмысы өтті. ЖПД 602 тобының интерндері № 2 емханада тұрғындар арасында қолды гигиеналық өңдеу бойынша амбулаториялық практика жағдайында пациенттерді оқытуды жүргізді. Мектепті кафедра оқытушылары Д.Т. Құсайынова мен С.Б. Маукаева ұйымдастырды. Науқастарға жадынамалар таратылды. Профилактикалық медицина мектебі аясындағы жұмыс интерндерге маңызды құзыреттерді дамытуға мүмкіндік береді.






