Киелі орындарға саяхат: рухани және тарихи мұраны ұлықтау
Киелі орындарға саяхат — бұл ұрпақтарды, тарихты және халқымыздың рухани мұрасын сабақтастыратын бірегей сапар. 13 маусым, демалыс күні, м.ғ.д., профессор М.Н. Мусин атындағы фармакология кафедрасының ассистенттері кураторлық топтармен және клиникалық фармаколог-резиденттермен бірге Абай облысының киелі нысандарына ұмытылмас мәдени-танымдық экспедиция жасады. Маршруттың алғашқы аялдамасы қос ғашықтың шынайы сезімі мен адалдығының символы, мәңгілік махаббат гимні — «Еңлік-Кебек»…
Details





