Барлығын қарауАкадемиялық ұтқырлықКомплаенс-офицерКәсіподақ комитетінің демеушілігі және ынтымақтастығыДипломнан кейінгі білім беру, жұмысқа орналасу жəне түлектер мансабы мектебіДөңгелек үстелдерErasmus+ ХКҰ жаңалықтарыErasmus+ жаңалықтарыЕсте қаларлық күндерҒылыми конференциялар мен іс-шаралар туралы жаңалықтарҒылыми стартап жобаларыҒылыми жұмысХалықаралық күндерХалықаралық ынтымақтастық"HARMONEE" жобасының жаңалықтарыІс-шараларКәсіподақ комитетіКәсіптік бағдар беруКатегориясызКітапхана жаңалықтарыКонкурстарКураторлық сағаттарМарапаттау рәсімдеріМерекелерОқу процесіОқушыларӨскемен қ. филиал"ProInCa" жобасының жаңалықтарыҚоғамдық өмірСеминарларШеберлік сағаттарыСМУ-дағы іс-шараларСпорттық іс-шараларТуған күндерТұрақты даму мақсаттарыУниверситеттік госпитальВолонтерлік жұмысЖұмыспен қамту

«Күміс университеті» проекті Психиатрия және наркология кафедрасы Когнитивтік тапшылықтың алдын алу

05.12.2024 жылы “Күміс университеті” жобасы аясында психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі Phd докторы  Молдағалиев Т.М., кафедра ассистенті Алмагамбетова А.А. “Семей қаласының № 3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығында” іс-шара өткізді. Жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушысы, “Күміс университеті” жобасының жетекшісі Ж.К. Жәйрбаеваның белсенді көмегімен 3618,3619,5213 медицина тобының студенттері, 1 жылдық оқудың резиденті Ш. С. Сергазинова кездесуді өткізуге белсенді қатысты. Кафедра резиденті Ш. С. Серғазина “Когнитивтік тапшылықтың алдын алу“ тақырыбында презентация ұсынды. Студенттер егде жастағы адамдарға құрмет, көңіл және жылулық таныта отырып, концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Олар жақсы қарым-қатынас көрсетті, бақыт пен қамқорлық сыйлады, шын жүректен ризашылықтарын білдірді.Қарттармен бірге вальс билеп, жүрекке жылы тиетін әндер шырқады. Концерт жанды атмосфераға, жақсы көңіл-күйге және жағымды естеліктерге толы болды. Студенттер үлкендерге құрметпен қараудың өмірлік тәжірибесін және аға буынның шынайы тілектерін алды. « Егде жас-бұл өмір өнері және жас ұрпаққа үлгі». Сондықтан қарт адам–өткеннің тарихы және болашақ үшін білім. Бұл іс-шара волонтёрлер жұмысы аясында өткізілді.

Details

“Таза сессия” акциясы аясында деканмен және Комплаенс-офицермен кездесу

2024 жылдың 4-5 желтоқсанында  қысқы емтихан сессиясы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Таза сессия» акциясын ұйымдастыру және өткізу жөнінде «Стоматология», «Фармация», «Қоғамдық денсаулық», «Мейірбике ісі»  білім беру бағдарламаларының білім алушыларымен комплаенс-офицер М.Т.Бейсембаевпен, ҚДССФМІ мектебінің деканы Ы.О.Қайрхановамен, жемқорлыққа қарсы коммитеттің төраға орынбасары Т.А.Мұздыбаевамен кездесу өткізілді. Кездесу барысында ҚДССФМІ мектеп деканы студенттерді университеттің ішкі нормативтік құжаттарымен…

Details

Шетелдік бөлім студенттерінің ғылыми қызметі

Студенттердің конференцияларға қатысуы оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және оларға ғылыми қызмет нәтижелерін кәсіби қоғамдастыққа ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл тәжірибені асыра бағалау мүмкін емес, өйткені бұл маманның жан-жақты дамуы үшін маңызды. Ғылыми жұмысқа тарту студенттің интеллектуалдық және шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға мүмкіндік береді. Сайып келгенде, бұл студенттің «зерттеуші ғалым» ретіндегі құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді және…

Details

Шетелдік білім алушылар мектебіндегі сапа комиссиясы

Әр айда шетелдік студенттер мектебіндегі сапа комиссиясы академиялық процестің сапасын реттеу және білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында өз қызметін жүргізеді. 2024 жылдың 4 желтоқсанында комиссия төрағасы Олжаева Р.Р., төраға орынбасары Ван О.Т., «Медицина» 3-курс координаторы Кудайбергенова Н.К. және комиссия мүшесі Тукинова А.Р. Эпидемиология және биостатистика кафедрасында (2506 топ, «Клиникалық эпидемиология және биостатистика негіздері» пәні,…

Details

«Ашық сабақ –жедел панкреатит»

Семей Медицина Университеті КеАҚ госпиталды хирургия, анастезиология және реаниматология кафедрасында бекітілген жоспарға сай білім сапасын бақылау бөлімінің өндірістік тәжірибе бойынша маманы Икласова Жамал Маультовнаның қатысуымен ЖТД 610топ интеріндеріне «Хирургия» пәні бойынша «Жедел панкреатит» тақырыбында ашық сабақ өтті. Топтың пән мұғалімі PhD, қауымдастырылғанпрофессордың м.а Әуенов Медет Әуенұлы.Ашық сабақ келесідей бөлімдерден тұрды:1. Жедел панкреатит тақырыбында кіріспе тест (10 тест);…

Details

АИТВ-инфекциясы бойынша облысаралық олимпиаданың үшінші кезеңі

25 қарашада Олимпиаданың үшінші кезеңі өтті. Бұл шығармашылық тапсырма болды – олимпиада тақырыбы бойынша презентация жасау. 3 кезең Ресей Федерациясы мен Қазақстанның сібір федералды округі деңгейінде, Алтай мемлекеттік медицина университетінің MOODLE жүйесінде қашықтықтан өткізілді. Шығармашылық тапсырманы ұсынуға МУС КЕАҚ – дан 5 қатысушы жіберілді: Мұратова Инкар – 73 балл, Бесчетнова Ирина – 74 балл, Абдильманова…

Details