«Кәсіби ағылышын тілі» пәнінен сабақтар қарқынды түрде өтуде

Жаңа 2020-2021 оқу жылы барлық қазақстандық студенттер үшін онлайн форматында басталды. Оқытудың жаңа форматында нәтижелі білім беру үшін оқытушылар көп еңбек етуде. Жалпы білім беретін пәндер кафедрасында «Кәсіби ағылшын тілі» пәні бойынша «Стоматология» мамандығының 306 топ студенттері өз сабақтарын тәмамдады. Студенттерге тиімді және қызықты болу мақсатында сабақта тілді меңгерудің 4 дағдысын (speaking, reading, writing and…

Details

Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 95 жыл

Биыл әйгілі күйші-сазгер, дирижер, дәулескер домбырашы, халық әртісі, халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 95 жыл толып отыр. Нұрғиса Атабайұлы қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырды. Ол 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. 30 қыркүйек күні сіздерді жастар саясаты бөлімі және көркемөнерпаздар ұйымының белсенді студенттерінің қатысуымен өтетін мерекелік іс-шараға шақырамыз!

Details

Абай музейіне – 80 жыл

Құрметті студенттер! Сіздерді  «Абай музейіне – 80 жыл» атты онлайн-дәріс және «Музейге шолу» презентациясына қатысуға шақырамыз. Іс-шара 2020 жылы 28 қыркүйекте сағат 14:00-де өтеді. Онлайн-дәріске Абай музейінің ғылыми қызметкері Азамат Қажыбай қатысады.

Дүниежүзілік науқастардың қауіпсіздігі күніне орай тренинг өтті

2020 жылдың 18 қыркүйек күні KazMSA LC SMU (SCORP) адам құқықтары және бейбітшілік мәселелері жөніндегі тұрақты комитет белсенділері «Дүниежүзілік науқастардың қауіпсіздігі күні» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шара Google meet платформасы арқылы өтті. Басты мақсат –  пациенттерге қауіпті күтім жасаудың салдары және адамның денсаулыққа деген құқығын қарастыру. Іс-шара барысында арнайы шақырылған спикермен тренинг өткізілді. Азизбек Зунунович студенттерге…

Details

«Абай әлемі» атты онлайн режимде баяндама оқылды

2020 жылдың 24 қыркүйек күні «Жалпы медицина» мамандығының 1102 топ студенттері «Абай әлемі» атты онлайн режимде баяндама өткізді. Іс-шара барысында Абай туралы сөз қозғалып, біршама мағлұмат айтылды. Тек қана Абай Құнанбайұлының өмірі ғана емес, шығармашылығы туралы да баяндама оқылды. Сонымен қатар, мектеп қабырғасында естілмеген, бізді біршама таңқалдырған қызықты мағлұматтар да қамтылды. Группа студенті М.М. Галякбар…

Details

Семинар ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу

22 қыркүйек 2020 жылы онлайн-режимде Семей медицина университетінің жалпы медицина мамандығының 4238 кураторлық тобымен  ЖРВИ және тұмаудың алдын алу санитарлық-ағарту жұмысы бойынша семинар өтті. Модераторлар – кураторлық топ студенттері Саят Әкімбеков, Айман Оралбай және Елдар Азамат «Тұмау және ЖРВИ: диагностика, емдеу және алдын алу» тақырыбында баяндама ұсынды. Студенттер ЖРВИ және тұмауға қатысты әлемдегі және еліміздегі…

Details