Невзоровтар отбасы атындағы мұражайға бардық

Мұражай-бұл әр елдің тарихын, салт-дәстүрін және мәдениетін көрсететін құндылық.  Қазіргі жастардың қызығушылығын ынталандыру және тіл мен дінді, тарих пен мәдениетті алға жылжыту мақсатында біз  4170 ҚДС тобының студенттері және топ жетекшіміз С. К. Нұртазинамен бірге  6.02.2020 күні Невзоровтар отбасы атындағы мұражайға бардық. Мұражайда орнатылған бейнелеу өнерінің тамаша туындыларын көріп, біз таңқалдық. Абай облысындағы Невзоровтар отбасы…

Details

Халықаралық Стоматологтар Күніне арналған стоматологиялық факультеттің пәндік олимпиада

2020 жылдың 7 ақпанында «Терапиялық стоматология» кафедрасында, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шегінде, Халықаралық Стоматологтар Күніне арналған стоматологиялық факультеттің 501 топ студенттері, 602 топ интерндері және кафедра меңгерушісі доцент Н.Б.Хайдаровамен бірлестікте ұйымдастырылған пәндік олимпиада өткізілді. Стоматологиялық факультеттің 4, 5 курс студенттері арасындағы жарыста студенттердің білімдері және тәжірибелік дағдылары шыңдалды. Олимпиада 3 кезеңнен тұрды. 1 кезең…

Details

Табиғат аясында

Салауатты өмір салтын ұстанып, 2020 жылғы 9 ақпан күні «Жалпы медицина» мамандығының 2102 топ студенттері, куратор Б.А. Жорғатаевамен бірге табиғат аясына шықты. Студенттер әртүрлі қызықты ойындар ойнап, жақсы көңіл көтерді. Шаңғы теуіп, атпен серуендеп, таудан сырғанап, бой сергітіп, қаламыздың қарағайлы орманында, тамаша табиғат аясында демалыстарын өткізіп қайтты.   Куратор Б.А. Жоргатаева Топ старостасы Н.Н. Мазыбаева

Details

Коронавирус індеті бойынша дөңгелек үстел

2020 жылдың 11 ақпанда 123 (1317) топта коронавирус індеті бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты – коронавирустың алдын алу бойынша ақпаратпен студенттерді қамтамасыз ету. Дөңгелек үстел барысында білім алушылар коронавирустың алдын алу тәсілдерін және вирустық жұқпаның таралуының негізгі жолдарын талқылады. Топ кураторы Р.Ж. Екібаев салауатты өмір салтын ұстану, дене шынықтыру, сонымен бірге, дұрыс және құнарлы…

Details

Науқас адаммен қалай қарым-қатынас жасау керек?

Ақпан айының 6-шы жұлдызы күні жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Д.Р. Рымбаеваның жетекшілігімен “Науқас адаммен қалай қарым-қатынас жасау керек?” атты шағын ақпараттандыру өтті. Оған 1211 және 1318 “Жалпы медицина” мамандығы бойынша 1 курс студенттері қатысты. Шағын ақпараттандыру 1318 топ студенті Айдосов Жандостың жүргізуімен өтті. Ақпараттандыру өткізудегі мақсат – дәрігердің науқас адамдармен…

Details

Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күніне орай дәріс өтті

2020 жылғы ақпан айының 4-ші жұлдызы күні Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күніне орай жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Д.Р. Рымбаеваның жетекшілігімен дәріс өтті. Дәріске 1211 және 1318 “Жалпы медицина” мамандығы бойынша 1 курс студенттері қатысты. Дәріс өткізудегі мақсат – обыр ауруларының алдын алу, өзекті мәселелерді талқылау, өмір сүру сапасын арттыру. 1211…

Details