Мұражай төрінде

2020 жылдың ақпан айының 11-і күні Семей медицина университеті “Жалпы медицина” мамандығы бойынша 1 курс 1210 тобының студенттері Семейдің облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барып қайтты. Бұл мұражай 1883 жылы саяси жер аударылған орыс демократтары  Е.П. Михаэлис, М.И. Долгополов, П.Д. Лобановский және қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың бастамасымен құрылған болатын. Сонымен қатар, музейдің іргетасын қалауға А.А. Леонтьев, А.А. Блэк, Н.Я.…

Details

Қазақ жастарына діни деструктивті ағымдардың теріс әсері сөз болды

Қазіргі таңдағы өзекті деген  үлкен мәселелердің бірі – жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен түрлі діни ағымдар десек артық айтқандық емес. Кереғар діни ағымдар қоғамға, айналаға, соның ішінде жастарымызға ерекше әсер етіп, ұдайы адастырумен келеді. Соның салдарынан отбасылардың ажырасуы көбейіп, түрлі дінді ұстанудың нәтижесінде жанұяларда ұрыс-керістер орын алып, көптеген бөлінушіліктерге негіз болуда. «Жалпы медицина» мамандығының 4224…

Details

Невзоровтар отбасы атындағы мұражайға бардық

Мұражай-бұл әр елдің тарихын, салт-дәстүрін және мәдениетін көрсететін құндылық.  Қазіргі жастардың қызығушылығын ынталандыру және тіл мен дінді, тарих пен мәдениетті алға жылжыту мақсатында біз  4170 ҚДС тобының студенттері және топ жетекшіміз С. К. Нұртазинамен бірге  6.02.2020 күні Невзоровтар отбасы атындағы мұражайға бардық. Мұражайда орнатылған бейнелеу өнерінің тамаша туындыларын көріп, біз таңқалдық. Абай облысындағы Невзоровтар отбасы…

Details

Халықаралық Стоматологтар Күніне арналған стоматологиялық факультеттің пәндік олимпиада

2020 жылдың 7 ақпанында «Терапиялық стоматология» кафедрасында, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шегінде, Халықаралық Стоматологтар Күніне арналған стоматологиялық факультеттің 501 топ студенттері, 602 топ интерндері және кафедра меңгерушісі доцент Н.Б.Хайдаровамен бірлестікте ұйымдастырылған пәндік олимпиада өткізілді. Стоматологиялық факультеттің 4, 5 курс студенттері арасындағы жарыста студенттердің білімдері және тәжірибелік дағдылары шыңдалды. Олимпиада 3 кезеңнен тұрды. 1 кезең…

Details

Табиғат аясында

Салауатты өмір салтын ұстанып, 2020 жылғы 9 ақпан күні «Жалпы медицина» мамандығының 2102 топ студенттері, куратор Б.А. Жорғатаевамен бірге табиғат аясына шықты. Студенттер әртүрлі қызықты ойындар ойнап, жақсы көңіл көтерді. Шаңғы теуіп, атпен серуендеп, таудан сырғанап, бой сергітіп, қаламыздың қарағайлы орманында, тамаша табиғат аясында демалыстарын өткізіп қайтты.   Куратор Б.А. Жоргатаева Топ старостасы Н.Н. Мазыбаева

Details

Коронавирус індеті бойынша дөңгелек үстел

2020 жылдың 11 ақпанда 123 (1317) топта коронавирус індеті бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты – коронавирустың алдын алу бойынша ақпаратпен студенттерді қамтамасыз ету. Дөңгелек үстел барысында білім алушылар коронавирустың алдын алу тәсілдерін және вирустық жұқпаның таралуының негізгі жолдарын талқылады. Топ кураторы Р.Ж. Екібаев салауатты өмір салтын ұстану, дене шынықтыру, сонымен бірге, дұрыс және құнарлы…

Details