Барлығын қарауАкадемиялық ұтқырлықКомплаенс-офицерКәсіподақ комитетінің демеушілігі және ынтымақтастығыДипломнан кейінгі білім беру, жұмысқа орналасу жəне түлектер мансабы мектебіДөңгелек үстелдерErasmus+ ХКҰ жаңалықтарыErasmus+ жаңалықтарыЕсте қаларлық күндерҒылыми конференциялар мен іс-шаралар туралы жаңалықтарҒылыми стартап жобаларыҒылыми жұмысХалықаралық күндерХалықаралық ынтымақтастық"HARMONEE" жобасының жаңалықтарыІс-шараларКәсіподақ комитетіКәсіптік бағдар беруКатегориясызКітапхана жаңалықтарыКонкурстарКураторлық сағаттарМарапаттау рәсімдеріМерекелерОқу процесіОқушыларӨскемен қ. филиал"ProInCa" жобасының жаңалықтарыҚоғамдық өмірСеминарларШеберлік сағаттарыСМУ-дағы іс-шараларСпорттық іс-шараларТуған күндерТұрақты даму мақсаттарыУниверситеттік госпитальВолонтерлік жұмысЖұмыспен қамту

Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар

2026 жылғы 16–18 сәуір аралығында Астана қаласында халықаралық қатысумен өткен «Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар» атты XIII конгресс ұйымдастырылды. Бұл шара қазіргі пульмонология және инфекциялық медицина саласындағы маңызды ғылыми-практикалық іс-шаралардың бірі болып табылады. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі А.З. Дюсупов атындағы кафедраның қауымдастырылған профессоры Уразалина Жанар Маратовна конгресс жұмысына белсенді…

Details

Профилактикалық медициналық тексеру

2026 жылғы 22 сәуірде «Күміс университет» жобасы аясында медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі А.З. Дюсупов атындағы шұғыл медицина кафедрасы бейінді мамандардың қатысуымен профилактикалық медициналық тексеру өткізді. Іс-шара негізінен еңбек ардагерлеріне (қарт жастағы азаматтарға), сондай-ақ Достық үйінің қызметкерлеріне арналды. Тексерудің басты мақсаты — созылмалы ауруларды ерте анықтау, қатысушылардың жалпы денсаулық…

Details

«Күміс университет» жобасы аясында өткен танымдық шара

2026 жылғы 23 сәуір күні физиологиялық пәндер кафедрасында «Күміс университет» жобасы аясында «Қарт адамдардағы қант диабеті. Асқынулардың алдын -алу» тақырыбында ақпараттық-танымдық шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – егде жастағы адамдар арасында қант диабетінің даму ерекшеліктері, оның асқынулары және алдын алу жолдары туралы білімді арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болды. Шара барысында қатысушыларға қант диабетінің…

Details

ТДМ 3: Жақсы денсаулық және әл-ауқат

Семей қаласындағы жалпы дәрігерлік практика кафедрасында м.ғ.д., профессор Дюсупова А.А. жетекшілігімен және кафедра қызметкерлері Юрковская О.А., Казымов М.С., Темиратсова Ж.О., Курумбаев Р.Р., Муратова Ф.К. қатысуымен «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» тұрақты даму мақсатына арналған іс-шара өткізілді. Тұрақты даму мақсаты 3 барлық жастағы адамдар үшін салауатты өмір салтын қамтамасыз етуге және әл-ауқатты арттыруға бағытталған. Студенттер үшін, әсіресе…

Details

Халықаралық студенттік микробиология олимпиадасы: интеллект, шығармашылық және болашақты диагностика

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті ұйымдастыруымен,2026 жылғы 17 сәуірде М.М. Уразалин атындағы микробиология кафедрасы «Микробиология, вирусология, паразитология» секциясы бойынша жыл сайынғы халықаралық студенттік пәндік олимпиадаға қатысты. Жыл сайынғы халықаралық студенттік пәндік олимпиаданың мақсаты – медицина саласындағы білімді танымал ету, сонымен қатар студенттердің базалық пәндер бойынша оқу іс-әрекетіне қызығушылығын арттыру, студенттердің ғылыми және шығармашылық…

Details

«Жүрек орталығының» (Heart Center) маманымен кездесу: Болашақ дәрігерлерге арналған ерекше дәріс

«Семей медицина университеті» КеАҚ ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында студенттердің кәсіби бағдарын айқындайтын маңызды жүздесу өтті. 2026 жылдың 17 сәуірінде Назарбаев Университетімен (НУ) бірлескен пилоттық жоба аясында білім алып жатқан 1-курс студенттері үшін Астана қаласынан арнайы келген қонақ – «Жүрек орталығының» (Heart Center) кардиохирургі, трансплантолог Қужахметова Айгерім Серікқызы мотивациялық дәріс оқыды. Тәжірибемен ұштасқан шынайы шабыт Айгерім…

Details