Видео пікір

Аамир Дуа Е Мекат (Aamir Dua E Mekat)

Видео пікір

Джоши Сиддхартх (Joshi Siddharth)

Видео пікір

Раджкумар Аингба Сингх (Radzhkumar Aingba Singh)

Мен, Хемант Джингер, 2013 жылы медицина бакалавры дәрежесін алдым. Қазіргі уақытта Сабдилан қаласындағы ауруханада резидентура өтіп жатырмын. Семей мемлекеттік медицина университетінің бөлігі болу мен үшін үлкен бақыт. Университетте оқыған кездерімді сағынышпен еске аламын. Оқытушылардың барлығы жоғары деңгейдегі мамандар. Бізге қолдауларын аяған емес. Семей – менің екінші үйім. Семей мемлекеттік медицина университетінің студенті болған кездерімді сағынамын.

Хемант ДжингерСабдилан қаласындағы ауруханадағы резидент

Мен дәрігерлік жоғары білімімді Семей мемлекеттік медицина академиясында 2008 жылы алдым. Кейін Үндістанға оралып, MSA емтиханын тапсырдым. Бұдан кейін жергілікті ауруханаларда біраз уақыт қызмет еттім. Кейін денсаулық сақтаудағы MBA дәрежесіне ие болдым. Мені денсаулық сақтау саласының әкімшілік жағы әрқашан қызықтыратын. Бакалавр дәрежесін алғаннан кейін, осы саланы меңгергім келген еді. Сондықтан да оқуды тәмамдағаннан кейін әкімшілікте толық жұмыс күнімен жұмыс істей бастадым. Эндокринология бағыты бойынша медицина бағдарламасының коммерциялық бөлімшесінде қызмет атқардым. Кейін мекеме директоры қызметіне дейін көтерілдім. Онда жылдан астам жұмыс істедім. Кейін жұмыс бағытын толықтай өзгерттім. Қазіргі уақытта мен медициналық туризм саласында жұмыс істеймін. Әлемнің түкпір-түкпірінен пациенттердің келіп, ем алуына жағдай жасаймын.
Мен барлық білімімді Семей мемлекеттік медицина академиясында алдым. Семей менің екінші үйіме айналды. Университет қабырғасында алған білімді ұмытқан емеспін. СММА менің қызмет жолымда ерекше орын алады. Осы оқу орнында білім алу мен үшін үлкен тәжірибе болды. Ондағы барлық адамдар бізге жылы қабақ танытып, қамқоршы болды. Алған біліміміз де жоғары деңгейде болды. Академияда бірге оқыған курстастар қазір дүниенің түкпір-түкпірінде қызмет етеді. Қазір де олармен араласып тұрамыз. Олардың кейбірі АҚШ, Таяу Шығыс, Үндістан және Пәкістанда жұмыс істейді. Семей мемлекеттік медицина академиясына берген білімі үшін алғыс айтамын.

Доктор Мұртаза Хабиб

Мен, Біләл Ақбар, Семей медицина университетінің 2012 жылғы түлегімін. Қазіргі уақытта Пәкістан Ислам Республикасындағы Social Security ауруханасында уролог ретінде қызмет атқарамын. СМУ оқуды тәмамдағаннан кейін мен курстартарыммен бірге Пәкістанда репетиторлық орталықты аштым. Біз шетелдік университеттерде білім алған жастарға АҚШ-тың USMLE және Пәкістанның PMBS халықаралық емтихандарына дайындалуға көмектесеміз.
Семей медицина университетінде білім алу түлектерге түрлі халықаралық емтихандарды сәтті тапсыруға мүмкіндік береді. Барлық талапкерлерге, әсіресе Үндістан мен Пәкістан жастарына, Семей медицина университетіне түсіп, білім алуға кеңес беремін. Семей медицина университетінде алынған білім – болашақта табысты карьераны құрудың кепілі.

Біләл АқбарПәкістан Ислам Республикасындағы Social Security ауруханасындағы уролог