Мен, Біләл Ақбар, Семей медицина университетінің 2012 жылғы түлегімін. Қазіргі уақытта Пәкістан Ислам Республикасындағы Social Security ауруханасында уролог ретінде қызмет атқарамын. СМУ оқуды тәмамдағаннан кейін мен курстартарыммен бірге Пәкістанда репетиторлық орталықты аштым. Біз шетелдік университеттерде білім алған жастарға АҚШ-тың USMLE және Пәкістанның PMBS халықаралық емтихандарына дайындалуға көмектесеміз.
Семей медицина университетінде білім алу түлектерге түрлі халықаралық емтихандарды сәтті тапсыруға мүмкіндік береді. Барлық талапкерлерге, әсіресе Үндістан мен Пәкістан жастарына, Семей медицина университетіне түсіп, білім алуға кеңес беремін. Семей медицина университетінде алынған білім – болашақта табысты карьераны құрудың кепілі.