Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім алу мүмкіндігі бар
Қазақстанның жетекші медицина университеті
Білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттіктің нәтижелері бойынша «Студенттерді оқыту нәтижелері бойынша көшбасшы» номинациясында I-ші орын
Академиялық ұтқырлықтың бірегей бағдарламалары бойынша шетелде оқу және практикадан өту
2022 жылы Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінің нұсқасы бойынша «Үздік медициналық ЖОО»
Білім берудің толық циклі: бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура, докторантура
1953 жылдан бері ең үздік әлемдік тәжірибе және бай дәстүрлер
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
Жыл сайын 2700 грант беріледі. ҰБТ тапсырудың ең төменгі балы – 70 балл.
«Семей медицина университеті» КеАҚ-на түсу
ҰБТ тапсыру
жылына 4 рет
- Білім беру бағдарламасы мен бейіндік пәндерді таңдау.
- ҰТО сайты арқылы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш беру app.testcenter.kz
- ҰБТ тапсыру және психометриялық емтихан тапсыру.
- 2700 гранттың біреуін жеңіп алу.
Грант конкурсының нәтижелері тамыз айының басында жарияланады.
ҰБТ бойынша өту баллдары туралы
ҰБТ тапсыру ұпайлары туралы
Білім беру бағдарламасының атауы | 2023 жылға арналған ҚР бойынша гранттар саны | Жалпы конкурс (2021) | Ауылдық квота (2021) | Жалпы конкурс (2022) | Ауылдық квота (2022) |
---|---|---|---|---|---|
В084 Мейірбике ісі | 20 | 89 | - | 98 | - |
В085 Фармация | 20 | - | - | 121 | - |
В086 Жалпы медицина | 1575 | 117 | 108 | 114 | 107 |
В087 Стоматология | 20 | - | 133 | - | 132 |
В088 Педиатрия | 500 | 102 | - | 100 | - |
В089 Қоғамдық денсаулық | 150 | 122 | 103 | 105 | 93 |
«СМУ» КеАҚ-на түсу
20 маусымнан 20 тамызға дейін
- Мына мекенжай бойынша онлайн режимде психометриялық тестке тіркелу: ais.smu.edu.kz
- Техникалық хатшы растағаннан кейін онлайн режимде тестілеуден өту.
- 13-20 шілде аралығында ҰБТ тапсыру кезінде құрылған жеке кабинетте ҰТО сайтында электрондық форматта мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш беру керек.
Бұл ретте оқуға түсушілер ҰТО сайтында конкурсқа қатысу үшін өтініш бергеннен кейін өтініште көрсетілген деректерді растау үшін құжаттардың түпнұсқаларымен университетке келуі қажет.
«СМУ» КеАҚ қабылдау үшін құжаттар тізімі
«СМУ» КеАҚ қабылдау үшін құжаттар тізімі
№ | Құжат | Ескертпе | ||
---|---|---|---|---|
1 | белгіленген үлгідегі бланкіде қабылдау туралы өтініш | өтініш бланкісі қабылдау комиссиясында беріледі | ||
2 | білімі туралы құжат (аттестат / диплом қосымшасымен) | түпнұсқа + pdf форматындағы электрондық көшірме | ||
3 | ҰБТ сертификаты (ҰБТ-ның ең төменгі өту балы 70) | түпнұсқа + pdf форматындағы электрондық көшірме | ||
4 | медициналық анықтама №075/у нысаны + флюорограмма + егу паспорты №063 нысаны | түпнұсқа + pdf форматындағы электрондық көшірме | ||
5 | жеке куәлік көшірмесі | 1 құжаттағы pdf форматындағы электрондық көшірме | ||
6 | 3х4 өлшемімен 6 дана фото | pdf форматындағы электрондық көшірме | ||
7 | психометриялық тестілеуді тапсыру туралы ведомосттан көшірме | жоғары білімнің келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскісі келетіндер үшін: «Жалпы медицина», «Стоматология», «Педиатрия», «Мейіргер ісі» | ||
8 | құжаттарды сақтауға арналған баулары бар папка | құжаттарды сақтау үшін | ||
9 | А5 форматтағы конверт | құжаттарды, фотосуреттерді сақтау үшін | ||
10 | жеңілдікті растайтын құжат (бар болса) | + 1 құжаттағы pdf форматындағы электрондық көшірме: (екеуінің де немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар; жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың растайтын құжаттары; бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалардың, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бала тәрбиеленетін отбасылардан шыққан, I/II топтағы балалардың мүгедектігі туралы анықтамалар; толық емес отбасылар қатарындағы балалар осы мәртебеге үш жылдан кем емес) | ||
11 | еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса) | техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар | ||
шет тілінде ұсынылатын құжаттардың қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс |
Қабылдау комиссиясының байланыс ақпараты
жыл бойы
Мекенжайы
Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қ., Абай Құнанбаев к-сі, 103, Бас ғимарат (БҒ), № 222 кабинет
Телефон
+7 (7222) 32 61 80, +7 (778) 008 57 56
Эл. пошта
Жұмыс кестесі
Дс. – Жм. 09:00–18:00
Гранттар
«СМУ» КеАҚ студенттерінің 51%-ы тегін оқиды.
- мемлекеттік гранттар
- ШҚО, Павлодар және Ақмола облыстарының ЖАО-ның жыл сайынғы гранттары
- түлектерге деген сұраныс бойынша Қазақстанның топ-20 жоғары оқу орындарының қатарына кіреді
- жеке университеттік госпитальдің болуы
- Павлодар және Өскемен қалаларында филиалдардың бар болуы
- симуляциялық класстар
- әскери кафедраның болуы
- оқу ақысын төлеудің икемді жүйесі және әрқайсысына деген жеке көзқарас
Мен грантқа түскім келеді!
Гранттар мен жеңілдіктер туралы қосымша ақпарат алу үшін мәліметтеріңізді қалдырыңыз
«Семей медицина университеті» КеАҚ сандармен
кафедра
Халықаралық бағдарламалар
ҚР БҒМ және ҚР ДСМ-мен бірлесіп алмасу бағдарламалары
Erasmus кредиттік ұтқырлығы
“Мевлана” академиялық алмасу бағдарламалары
Жұмыспен қамту
“Семей медицина университеті” КеАҚ түлектерді жұмысқа орналастыру деңгейі бойынша Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындары арасында көшбасшы болып табылады.
Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі алғашқы 6 ай ішінде түлектердің 98%-ы жұмысқа орналасады.
Семей медицина университеті өз қызметін 1953 жылдың 1 қыркүйегінен бастады. Осы жылдар ішінде Қазақстанда, жақын және алыс шетелдерде табысты жұмыс істейтін 25 мыңнан астам адам ЖОО түлектері атанды.
Әскери кафедра туралы
“Семей медицина университеті” КеАҚ әскери кафедрасы бакалавриаттың күндізгі оқу бөлімінің 2-курс студенттерін, ҚР азаматтарын оқуға қабылдайды (150 орын).