Магистратура – тиісті білім беру бағдарламасы бойынша “магистр” дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейі.
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратура терең ғылыми-педагогикалық және зерттеу даярлығы бар, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар үшін, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бойынша, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырады.
Бейіндік магистратура – жоғары оқу орнынан кейінгі білім, оның білім беру бағдарламалары тереңдетілген кәсіптік дайындығы бар, денсаулық сақтау үшін басқару кадрларын даярлауға бағытталған.
Telegram
Біздің Telegram тобымызға қосылыңыз!
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Практикалық денсаулық сақтау кадрларына арналған бейінді бағдарламалар (1 жыл)
КТ ең төменгі өту балы – ақылы негізде 50 баллдан кем емес.
2023-2024 оқу жылында білім алушылар үшін оқу құны 1 300 000 теңгені құрайды.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылыми-зерттеу секторы үшін кадрлар даярлаудың ғылыми-педагогикалық бағдарламалары (2 жыл)
КТ ең төменгі өту балы – 75 баллдан кем емес.
SMU магистратурасына қалай оқуға түсуге болады
Өтініш қабылдау
1 маусымнан 15 шілдеге дейін
25 қазаннан 10 қараша дейін
- ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы кешенді тестілеуге (КТ) қатысуға өз бетінше онлайн өтініш беру app.testcenter.kz
Толығырақ - Білім беру бағдарламасын таңдаңыз: Кешенді тестілеу бейінді пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі
Толығырақ - Халықаралық шет тілі сертификаттары
Кешенді тестілеу
20 шілдеден 10 тамыз аралығында
18 қарашадан 11 желтоқсан аралығында
Кешенді тестілеуді (КТ) тапсыру:
- ағылшын тілінен тест;
- магистратурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест;
- білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша тест.
Кешенді тестілеуді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді
- грантқа шекті балл 150 балдан 75 балдан кем емес;
- ақылы оқуға 50 балдан кем емес.
Қабылдану
15-28 тамызға дейін
26 желтоқсаннан 10 қаңтар аралығында
- 20 тамызға дейін ҚР БҒМ Білім беру грантын алуға өтініш беру
- Есепке алу үшін ұсынылсын университеті қажетті құжаттардың түпнұсқалары мекен-жайы бойынша:
Абай Құнанбаев көшесі, 103, бас оқу ғимараты. - Оқуға қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі
Қабылдау комиссиясының байланыс ақпараты
жыл бойы
Мекен-жайы
Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қ., Абай Құнанбаев к-сі, 103, Бас ғимарат (БҒ), № 222 кабинет
Телефон
+7 (7222) 32 61 80, +7 (778) 503 11 10
Эл. пошта
Жұмыс кестесі
Дс. – Жм. 09:00–18:00
!!!!Назар аударыңыз, төлем онлайн түрде 14 693 теңгені тіркеу кезінде Каспи қосымшасы немесе банк картасы арқылы екі жолмен жүзеге асырылады.
КТ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША СЕРТИФИКАТ БЕРІЛЕДІ
Магистратураға түсетін тұлғалар шетел тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттіліктеріне (стандарттарына) сәйкес шетел тілін білуді растайтын халықаралық сертификаты болса, аудару шкаласына сәйкес шет тілі блогынан босатылады.
Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес мынадай тілдерде:
ағылшын тілі: : IELTS Academic (International English Language Testing System Academic);
TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test);
– неміс тілі: DSH (Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang), TestDaF-Prufung;
– француз тілі: TFI (Test de Franзais International™), DELF (Diplome d’Etudes en Langue franзaise), DALF (Diplome Approfondi de Langue franзaise), TCF (Test de connaissance du franзais).