ProInCa – “Денсаулық сақтау жүйесін реформалау үшін мейірбике ісі бойынша жоғарғы білім берудің инновациялық потенциалын қолдау” – бұл Erasmus + бағдарламасы арқылы жартылай қаржыландыратын жоғарғы білім беруді қолдау жобасы.

Жоба логотипі жобаның сәттілігіне қажетті әріптестік рухын  бейнелейді. Бір бірімен бірлескен үш дөңгелек жобаның 3 жылдық мерзімін және ProInCa әріптестігін білдірсе,

ұшында алауы бар үшбұрыш ретінде бейнеленген  «I» белгісі (ғылым, білім және тәжірибенің бірлестігі) Флоренс Найтингейл  шамшыраын білдіріп, бұл жобаның мейірбике ісінің жоғары білім беру жүйесін нығайту жолын ашу мағынасын білдіреді. Көк және сары түстер Қазақстан Республикасының ұлттық туының түстеріндей.

ProInCa жобасының мақсаты  мейірбикелік қоғамдастықтың арасындағы білім алмасуды  және дамып келе жатқан мейрбикелік ғылым, көшбасшылық пен дәлелді тәжірибені   жақсарту арқылы қазақстандық медицина университеттерінің тұрақты инновациялық  потенциалын дамыту.

Жоба 4 өзара бірлескен жұмыс пакетінен тұрады.

 

Жоба мерзімі 3 жыл, осы уақыт аралығында еуропалық және қазақстандық жоғарғы оқу орындары және қызықушылық білдірген  ассоцирленген әріптестер қатысады.

ProInCa құрамындағы  еуропалық және қазақстандық университеттер.

Еуропалық әріптестер

JAMK қолданбалы ғылымдар университеті(Финляндия)

Лахти қолданбалы ғылымдар университеті  (Финляндия)

Angela Boskin денсаулық сақтау факультеті (Словения)

Hanze қолданбалы ғылымдар университеті  (Нидерланды)

Қазақстандық әріптестер

Астана медициналық  университеті

Карағанды мемлекеттік медицина университеті

Назарбаев университеті

Семей қ. Мемлекеттік медицина университеті

М.Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

 

ProInCa жобасы туралы  басқа да ақпаратты біздің веб парақшамызда біле  аласыздар: http://proinca-nursing.kz