Вебсайт «СМУ» КеАҚ

27.06.2022 жылғы “Семей медицина университеті” КеАҚ Директорлар Кеңесі бекіткен профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына конкурстық орналасу ережесі, “2022-2023 оқу жылына кафедраларды қайта ұйымдастыру және қайта атау туралы” №237 бұйрық, “Дене шынықтыру кафедрасын құру туралы” №630-С бұйрығы, негізінде,

“Семей медицина университеті” КеАҚ 2022-2023 оқу жылына арналған профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарын ауыстыруға және қайта сайлауға конкурс жариялайды. Конкурсты өткізу туралы ақпарат 2023 жылғы 03 ақпандағы № 9 (3713) Республикалық «Юридическая газета» газетінде, «Заң газеті» 2023 жылғы 03 ақпандағы № 9 (3540), сондай-ақ https://aisu.pro/nadezhda/#/ сілтеме бойынша “СМУ” КеАҚ ресми сайтында орналастырылған.

 

  1. Дене шынықтыру кафедрасы

Кафедра меңгерушісі-1 бірлік

 

  1. Травматология және балалар хирургиясы кафедрасы

Кафедра меңгерушісі-1 бірлік

 

Конкурсқа қатысушылар келесі біліктілік талаптарына сай болуы тиіс:

  1. Кафедра меңгерушісі лауазымына:

Пән бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесінің болуы немесе ғылыми атағының болуы, ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің лауазымдарында немесе білім беру ұйымдарында мамандығы бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, тілдерді білу: мемлекеттік және /немесе орыс және /немесе ағылшын тілін атқаратын лауазымы шеңберінде тілді толыққанды қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ететін кәсіби деңгейде. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі туралы TOEFL 525, IELTS -5.5, ҰТО-75 деңгейінен төмен емес сертификаттың немесе шетел ЖОО-ның ағылшын тілінде білімі туралы дипломның болғаны құпталады.

 

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. ЖОО басшысының атына өтініш (еркін нысанда). Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
  2. кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс қағазы;
  3. өмірбаяны;
  4. жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  5. қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  6. ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
  7. ҚР Денсаулық сақтау министрінің м. а. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес 075/у медициналық анықтамасы;
  8. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама (ҚР ЕК-нің 32-бабының 3-тармағы) E-gov порталы арқылы (“Азаматтарға арналған үкімет” МК);
  9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) бекітілген “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі-стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы – №272 бұйрық);
  10. № 272 бұйрықпен бекітілген “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.
  11. профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға арналған білім беру бағдарламасы бойынша жобаны немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға арналған ғылыми-зерттеу жұмысының жобасын таныстыру (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан аспайды);
  12. резюме.

Осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну өтінішті қабылдаудан еркін нысанда бас тарту үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді және өтінішке қоса берілетін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Мекен-жайы: Семей қаласы, Абай Құнанбаев к-сі, 103

Байланыс телефондары: 8(7222)56-28-88 (іш. 1039 немесе 1040), https://aisu.kz/nadezhda/#/

Бұл жұмысқа өтініш беру үшін мына сайтқа кіріңіз smu.edu.kz.