Вебсайт «СМУ» КеАҚ

«Семей медицина университеті» КеАҚ қаржы аудиторының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

 

Квалификациялық талаптар:

  1. экономика және қаржы, және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе қаржылық менеджмент және/немесе қаржы және кредит салаларындағы жоғары кәсіптік білім, және мүмкіндігінше ақпараттық технологиялар және/немесе техникалық және/немесе құқықтану саласында қосымша білім құпталады;
  2. аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы саласында кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі;
  3. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және салық салу мәселелері бойынша білу;
  4. Ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors Inc) әзірлеген Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және халықаралық кәсіби ішкі аудит стандарттарын, халықаралық аудит стандарттарын (ХАА) білген жөн;
  5. аудит және/немесе есеп және қаржы менеджменті саласында сертификаттың және/немесе біліктіліктің болғаны, мемлекеттік және шет тілдерін білгені жөн.
  1. Қаржы аудитор лауазымына тағайындауға жол берілмейді:

1) Экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстар, Мемлекеттік қызмет немесе Мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар, мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігінің негіздеріне қарсы қылмыстар үшін алынбаған немесе заңдарда белгіленген тәртіппен өтелмеген соттылығы бар адамдар.

 

  1. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
  • белгіленген нысандағы өтініш;
  • кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ;
  • Өмірбаян;
  • жоғары білім туралы дипломдардың көшірмелері, (академиялық не ғылыми дәрежесі туралы диплом, ғылыми атағы туралы құжат – бар болса құпталады) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  • қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  • мақалалар, ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі (бар болса құпталады);
  • ҚР Денсаулық сақтау министрінің м. а. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес 075/Е медициналық анықтама;
  • адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама; (ҚР ЕК 32 – бабының 3-тармағы) e-Gov порталы арқылы (“Азаматтарға арналған үкімет” МК);
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) бекітілген “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1к Қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы (бұдан әрі – № 272 бұйрық);
  • конкурсқа қатысушының № 272 бұйрықпен бекітілген “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1к Қосымшасына сәйкес нысан бойынша есепте тұрмағаны туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.

Осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Бұл жұмысқа өтініш беру үшін мына сайтқа кіріңіз smu.edu.kz.