Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі

Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі кітапхананың негізгі құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады. Қордың қалыптасу бейіні университет факультеттерінің оқу және ғылыми қызметінің бағыттары мен мазмұнымен анықталады. Әдебиеттер факультет кафедраларының тапсырысы бойынша, сондай-ақ UML оқытушы- профессор құрамының баспахана шығаратын басылымдары бойынша сатып алынады. Жыл сайын орта есеппен кітапхана қоры 50 мыңнан астам дана кітаппен толығады. Кітапханаға келіп түскен басылымдар электронды каталогқа енгізіледі.

 

Ақпараттық библиографиялық бөлім

Кітапхананың ақпараттық-анықтамалық жұмысына жауапты Библиограф пайдаланушының, оның ішінде виртуалды сұраулардың негізінде ақпаратты іздейді; мамандарға арналған түрлі ақпараттық шаралар өткізеді. Жаңа ақпараттарды жеткізу мақсатында ақпарат күндерін, кафедра күндерін және т.б. өткізеді.

 

Қызмет көрсету бөлімі

Қызмет көрсету бөлімі кітапхананың ірі құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады. Бөлім қызметкерлері университеттің оқу процесін, ғылыми-педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметін кітапханалық-ақпараттық қамтамасыз етеді. Бөлімнің негізгі міндеттері:

  1. оқырмандарға олардың ақпараттық сұраныстарына сәйкес әдебиеттермен толық және жедел кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсету;
  2. факультеттердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кафедра қорын қалыптастыру;
  3. кітапхананың кітап қорының сақталуын қамтамасыз ету;
  4. ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.