2021
«30 кітап – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына»
Қазақстанда 2021 жыл Тәуелсіздік жылы деп жарияланды. Осыған орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.
Осы акция аясында «30 кітап – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» атты танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқуға іріктелді.
Поэзия:
- Мұқағали Мақатаев «Өмірдастан».
- Жүмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным».
- Ұлықбек Есдаулет «Киіз кітап».
- Серік Ақсұңқарұлы «Көкейімде Күлтегіннің жазуы».
- Тоқтарали Таңжарык «Түн парақтары».
- Бақытжан Канапьянов «Достояние души».
Проза:
- Тынымбай Нұрмагамбетов «Періштелердің өлімі».
- Тобык Жармагамбетов «Отамалы».
- Сауле Досжан «Қасірет пен тағдыр».
- Юрий Серебрянский «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет».
- Даурен Қуат «Бөрісоқпақ».
- Тұрысбек Саукетай «Желқайық».
Драматургия:
- Рахымжан Отарбаев «Айна ғұмыр».
- Дулат Исабеков «Жеті желкен».
- Мадина Омарова «Көмбе нанның дәмі».
- Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі».
- Думан Рамазан «Пешене».
- Сая Касымбек «Жанталас».
Балалар әдебиеті:
- Ыбырай Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар».
- Бердібек Соқпақбаев «Жекпе-жек».
- Марат Қабанбаев «Жиһангез Тити».
- Толымбек Абдырайым «Алабұға аулаған күн».
- Зира Наурызбаева, Лиля Калаус «Алтын тостағанды іздеу».
- Мади Айымбетов «Бар болғаны он төрт жас».
Аудармалар:
- Юсупов Кенес, Габриель Гарсиа Маркес «Жүз жылдық жалғыздық».
- Адетов Бекболат, Эрих Мария Ремарк «Аманат өмір».
- Ахметов Адил, Агата Кристи «Ғайып болған миллион».
- Меллат Толеген, Халид Хусейн «Жарқыраған мың күн».
- Мазен Динара, Ж.К. Роулинг «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме».
- Кұрметұлы Амангелді, Орхан Памук «Менің атым – Қырмызы».
Акцияның мақсаты – әдебиеттерді насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.