Оқу бөлімі “Семей медицина университеті” КеАҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оқу процесін ұйымдастыруға және жоспарлауға байланысты лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес жұмыс жүргізеді.
Оқу бөлімінің негізгі міндеттері:
- оқу процесін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
- оқу процесін жоспарлау;
- кафедра оқытушыларының оқу жүктемесін есепке алу, бөлу және орындалуын бақылау;
- студенттер контингентінің ағымдағы және жиынтық статикалық деректерін жинау өңдеу және құрастыру;
- университеттің оқу жұмысы мәселелері бойынша есепті және ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындау;
- студенттердің, интерндердің, резиденттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың оқу сабақтарының кестесін жасау және келісу;
- жеке істерді және қабылдау комиссиясын қабылдаудан бастап түлектердің жеке істерін университет мұрағатына тапсыруға дейін іс қағаздарын жүргізу.
Функционалдық міндеттері:
- білім алушылар контингенті бойынша статистикалық деректерді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне және білім және ғылым министрлігіне уақтылы жасау және ұсыну;
- білім алушылар контингентінің ай сайынғы қозғалысы, білім алушыларды қалпына келтіру және ауыстыру процесі, АБЖ-ға деректерді енгізу;
- стипендия тағайындау, білім алушыларды курстан курсқа ауыстыру, ақылы семестр өткізу туралы бұйрық, білім алушылардың жеке құрамы бойынша бұйрықтар дайындау, оқуға қабылданғандарға және ауыстырылғандарға стипендия тағайындау;
- қаржы орталығы ААЖ-ға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларды есепке алу және мониторингілеу;
- қабылдау комиссиясынан 1-ші оқу жылы студенттерінің жеке істерін қабылдау;
оқу сабақтары мен практика кестесінің жобасын уақтылы жасау, білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау және оларды бекіту; - кафедралардың оқу жүктемесі сағаттарының есебін, кафедралардың ПОҚ штат кестесін жасау;
- ҚР БҒМ берілген дипломдардың ТАӘ және нөмірлерін көрсете отырып, білім беру бағдарламаларын бітірген түлектердің тізімін уақтылы ұсыну;
- ҚР БҒМ қатаң есептілік бланкілеріне өтінімді уақтылы дайындау;
- білім алушыларды аралық аттестаттау нәтижелері бойынша ҚР БҒМ-ге бос білім беру гранттарына кандидатуралардың ілеспе құжаттарын ұсыну;
- білім беру бағдарламалары мен дайындық бағыттары бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқу жұмыс жоспарларын жасау, АБЖ-ға енгізу;
- академиялық күнтізбені құру;
- кафедралардың ПОҚ оқу жүктемесінің орындалуы туралы есепті уақтылы дайындау;
- қатаң есептілік бланкілерін уақтылы беру;
- кафедралардың оқу жүктемесінің орындалуына, студенттердің жеке істерін қабылдау мен жай-күйіне, аудиториялық Қордың жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізу.