Бөлімше туралы қысқаша ақпарат

«Семей медицина университеті» КеАҚ корпоративтік хатшысы лауазымы 2019 жылдың басында енгізілді. Корпоративтік хатшы туралы ереже – Қоғамның Корпоративтік хатшысының мақсаттарын, міндеттері мен функцияларын айқындайтын негізгі құжат. Құжаттың редакцияланған жаңа нұсқасын Директорлар кеңесі 2023 жылғы сәуірде бекіткен.

Корпоративтік хатшының қызметі Қоғамның ішкі құжаттарымен реттеледі.

Корпоративтік хатшының өз қызметі шеңберіндегі міндеттері:

  1. қоғамның органдары мен Лауазымды адамдарының корпоративтік басқару саласындағы заңнаманы, Жарғыны, Кодексті және Қоғамның ішкі құжаттарын сақтауын, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы саясат пен практиканы жетілдіруді қамтамасыз ету;
  2. Директорлар кеңесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  3. ұсынылған құзырет шеңберінде Қоғам туралы Елеулі ақпаратты сақтауды, ашуды және беруді, сондай-ақ ақпараттық ашықтықтың жоғары деңгейін қолдауды қамтамасыз ету;
  4. қоғам органдары арасындағы өзара нақты әрі тиімді іс-қимылды қамтамасыз ету.

Корпоративтік хатшының негізгі қызметі-Директорлар кеңесінің жұмысын ұйымдастыру. Директорлар кеңесіне Жалғыз акционердің өкілдері, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің өкілдері, үш тәуелсіз директор кіреді.

Директорлар кеңесінің әрбір отырысын дайындау кезінде корпоративтік хатшы құжаттарды әзірлеуден және күн тәртібін айқындаудан бастап қабылданған шешімдердің орындалуын ұйымдастыруға дейінгі 15-тен астам функцияны «бақылауда ұстайды». Бұл істе ұсақ-түйектер жоқ. Директорлар кеңесінің мүшелері отырыс алдында шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың толық портфелін алатынына (Корпоративтік хатшы олардың заңнамаға және корпоративтік құжаттарға сәйкестігіне сараптама жүргізеді), жұмыс үшін қолайлы жағдайлар жасалатынына, ал олардың шешімдерін атқарушы орган мүлтіксіз орындайтынына сенімді болуға тиіс.

Директорлар кеңесі отырыстарының жиілігі қоғамның алдында тұрған міндеттерге байланысты (айына орта есеппен бір-екі отырыс).

Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінің дәстүрлерін сақтаушы рөлін атқарады. Егер директорлар кеңесінде жаңа мүшелер пайда болса, олар қызметін «бос парақтан» бастамауы керек. Оларға жұмыс мазмұнын жедел түсіндіру, Директорлар кеңесінің әдеттегі жұмыс стандартымен таныстыру, отырысқа шығарылатын мәселенің мән-жайы туралы ақпарат ұсыну маңызды. Мұндай сабақтастықты Корпоративтік хатшы қамтамасыз етеді.

Директорлар кеңесінің әрбір отырысында рәсімнің тиісінше сақталуын қамтамасыз етуі, барлық қатысушыларға шешім қабылдау үшін қажетті материалдарды ұсынуы қажет. Корпоративтік хатшы жиналыстардың, отырыстардың хаттамаларын жүргізуге және қабылданған шешімдерді Қоғамның атқарушы органына жедел жеткізуге міндетті.

Директорлар кеңесінің 27.02.2023 жылғы шешімімен (№2 хаттама) Корпоративтік хатшы лауазымына Қажыбекова Рашиля Жүнісқанқызы тағайындалды.

Ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы

Кажибекова Рашиля Жунускановна - Copy

Қажыбекова Рашиля Жунусканқызы

Корпоративтік хатшы, Омбудсмен
1988 жылы – Новосібір кеңестік кооперативтік сауда институты-  Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау” мамандығы бойынша, біліктілігі –экономист 2001 жылы – Орталық Азия Университеті «Құқықтану» мамандығы бойынша, біліктілігі заңгер. 2023 ж. «Семей медицина университетінің» коммерциялық емес акционерлік қоғамының корпоративтік  хатшысы. Еңбек өтімі: Семей облыстық тұтынушылар одағы, аға тексерушісі; ҚР ІІМ жүйесінің құқық қорғау органдарындағы және...

Эл. пошта

rashilya.kazhibekova@smu.edu.kz

Қызметкерлер

Ешқандай деректер табылмады

Байланыс ақпараты

Мекенжайы

071400, Абай облысы, Семей қ., Абай к-сі, 103

Эл. пошта

smu@smu.edu.kz

Жұмыс кестесі

Дс. – Жм. 09:00–18:00