Абаева Кадиша Дисумбековна

Абаева Кадиша Дисумбековна

Туған күні: 21.06.1984

2007 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясының педиатрия факультетін үздік бітірген. 2007 ж. – 2008 ж. “Педиатрия” мамандығы бойынша интернатура, 2008 ж.-2010ж. сол мамандық бойынша резидентура. Жалпы медициналық жұмыс өтілі-15 жыл, педагогикалық жұмыс өтілі-14 жыл. 2010 жылдан 2019 жылға дейін педиатрия және балалар хирургиясы бойынша интернатура кафедрасының ассистенті. 2021 жылдан бастап -2025 ж. балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті. 2022 жылдан бастап 2025ж. “Педиатрия” мамандығы бойынша 3,4 курстардың білім беру бағдарламалары комитетінің хатшысы. 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Д.М. Түсіпова атындағы педиатрия кафедрасының ассистенті. Жоғары санатты дәрігер- педиатр.Емдеу жұмыстары “СМУ” КЕАҚ УГ педиатриялық бөлімшесінің базасында атқарылады. Телемедицина жүргізеді, консилиумдарға, патологиялық-анатомиялық конференцияларға қатысады, рецензияларды жазады.  Кафедрадағы тәрбие жұмысына жауапты. 3 курс «Стоматология» мамандығы бойынша коммитиінің директоры. «Педиатрия» мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары комитетінің мүшесі. Түрлі мамандықтар бойынша бакалавриат студенттерімен теориялық және практикалық сабақтар өткізеді. Кураторлық және ағымдағы топтарда тәрбие жұмысын белсенді орындайды. Клиникалық және теориялық бағыттар бойынша оқудан үнемі өтеді. Халықаралық қатысуымен өткен ғылыми-практикалық конференцияларда баяндамалар жасады. 50-ден астам жарияланған ғылыми еңбектердің авторы. 2024 жылы Абай ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Эл. пошта

kadisha.abayeva@smu.edu.kz