Міндеттері:
- Кафедра бейіні бойынша оқу процесін кешенді оқу-әдістемелік және ұйымдастыру – әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру
- Оқытудың инновациялық әдістерін енгізу
- Студенттердің оқу материалын меңгеруін арттыратын заманауи білім беру технологиялары мен оқыту нысандарын әзірлеу және пайдалану
- Магистратура, резидентура, докторантура негізінде ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауды жүзеге асыру
- МЖМБС-ны толық көлемде орындау
- Бейін бойынша емдеу жұмысын жүзеге асыру (науқастарға жетекшілік ету, әртүрлі емдеу-диагностикалық рәсімдер мен манипуляцияларды орындау, операцияларды өз бетінше орындау және дәрігерлік біліктілік санаты көлемінде операциялар кезінде ассистент ету)
- Тәрбие қызметі
- Кері байланыс мониторингі
- Университет жоспарларын орындау
- Кафедра сапасы саласындағы мақсаттарға қол жеткізу
Тапсырмалары:
- отандық денсаулық сақтау және медицина ғылымы үшін жоғары білікті кадрлар даярлау;
- хирургиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа технологиялары мен әдістерін әзірлеу және жетілдіру және басқа да ғылыми зерттеулер;
- халыққа жоғары білікті және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету.

