Ахметжанова Динара Оралғазықызы

Ахметжанова Динара Оралғазықызы

PhD, к.м.н., доцент Д.М. Түсіпова атындағы педиатрия кафедрасының меңгерушісі. Жоғары санатты дәрігер-педиатр.

2000 жылы медициналық академияның 1-курсына оқуға түсіп, 2006 жылы Семей мемлекеттік медициналық академиясын «Педиатрия» мамандығы бойынша тәмамдады. Институтты бітіргеннен кейін СММА медициналық орталығының балалар бөлімшесінде бір жылдық интернатурадан өтті. 2008–2009 жылдары №3 аралас типті емханада учаскелік педиатр болып жұмыс істеді. 2010–2013 жылдары балалар аурулары кафедрасында педиатрия резидентурасынан өтті. 2013 жылдың қыркүйегінен 2015 жылға дейін Семей мемлекеттік медицина университетінде балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті болып еңбек етті.

2015–2018 жылдары «Медицина» мамандығы бойынша PhD докторантурада оқып, 2019 жылы PhD дәрежесін алды. 2019–2020 жылдары «МУС» НАО-да Д.М. Түсіпова атындағы Педиатрия кафедрасының оқу ісі жөніндегі меңгерушісі қызметін атқарды. 2020–2021 жылдары Д.М. Түсіпова атындағы балалар хирургиясы, ортопедия және педиатрия кафедрасының меңгерушісі болды. 2021–2024 жылдары Д.М. Түсіпова атындағы педиатрия және медициналық оңалту кафедрасында доцент м.а. қызметін атқарды.

Медициналық өтілі – 17 жыл. Педагогикалық өтілі – 12 жыл.

2018 жылы Семей қаласында «Дәнекер тін дисплазиясы бар балалардағы остеопения дамуына әсер ететін қауіп факторларын кешенді бағалау» тақырыбында PhD диссертациясын қорғады. 40-тан астам ғылыми мақаланың авторы. «D дәрумені және ДСТ бар балалардағы остеопенияның алдын алу», «Шығыс Қазақстан өңірі бойынша макросомиясы бар, D дәрумені тапшылығы және микроэлементтік-минералдық құрам ерекшеліктері бар жаңа туған нәрестелерді жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулар» атты әдістемелік ұсыныстардың және авторлық құқық нысандарына айрықша мүліктік құқықтардың иегері. 1 рационализаторлық ұсыныстың, авторлық құқықпен қорғалатын нысандардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген бірнеше ғылыми еңбектің авторы («Диффузды токсикалық зобпен ауыратын науқастарды жүргізуді ұйымдастыру алгоритмі», «Микробиота жағдайын және оның дәнекер тін дисплазиясымен үйлесімін анықтау негізінде реактивті артриттің асқыну және созылмалы ағым қаупін болжау тәсілі», «Дәнекер тін дисплазиясы аясында микробиомға қатысты реактивті артриттің асқыну және созылмалы ағымының қауіп факторларын түзету тәсілі»).

Ресей Федерациясында (Барнаул қ.), Түркияда (Анкара қ., Башкент университеті) тағылымдамадан өтті.

ШҚО Әкімінің Құрмет грамотасымен, «Үздік ұстаз», «Денсаулық саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталған.

Эл. пошта

dinara.akhmetzhanova@smu.edu.kz