Альмисаев Кайрат Адилбекович

Альмисаев Кайрат Адилбекович

Медицина магистрі, радиология кафедрасының ассистенті

1997-2003 жылдары Семей мемлекеттік медицина академиясында “Емдеу ісі” мамандығы бойынша оқыды. 2003-2004 жылдары “Сот-медициналық сараптама” мамандығы бойынша интернатурада оқыды. 2004-2006 жж. – СМО Көкшетау филиалының Щучье ауданаралық бөлімшесінің медициналық сарапшысы. 2008-2013 жылдары-Семей қ. ММУ патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының ассистенті. 2013-2014 жылдары Талдықорған қаласындағы Алматы облысының “облыстық онкологиялық диспансер” ШЖҚ МКК дәрігері болып жұмыс істеді.

2018-2020 жж. – “Медицина” бейіні бойынша магистратура және Семей қ. ММУ сәулелік диагностика және ядролық медицина кафедрасында қоса атқарушы. 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін “Хаким” емханасында МРТ біліктілігі бойынша сәулелік диагностика дәрігері болып жұмыс істейді. Бірінші біліктілік санатты дәрігер.

“Жалпы медицина” мамандығының 3 курс студенттері, “Сәулелік диагностика” мамандығының резиденттері, сондай-ақ аралас мамандықтардың интерндері мен резиденттері үшін сабақтар өткізеді. Радиолог мамандарды дипломнан кейінгі даярлауға жауапты.

Эл. пошта

kayrat.almissayev@smu.edu.kz