Білімі мен қызмет жолы
1982 жылы әскерден кейін Семей мемлекеттік медицина институтының (СММИ) дайындық бөлімшесіне қабылданды. 1983 жылы СММИ-дің емдеу факультетінің 1 курс студенті болып қабылданып. 1989 жылы емдеу факультетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді.
Институтты бітіргеннен кейін Семей қаласындағы облыстық клиникалық аурухананың хирургиялық бөлімінде бір жыл интернатурадан өтті. 1990 жылдан 1992 жылға дейін осы аурухананың хирургиялық бөлімінде ординатор болып қызмет етті.
1992 жылғы қыркүйекте Семей мемлекеттік медицина институты госпиталды хирургия кафедрасының күндізгі аспирантурасына қабылданып, 1995 жылы бітірді. 1995 жылғы қыркүйектен 2002 жылғы тамызға дейін госпиталды хирургия кафедрасында ассистент қызметін атқарды.
Квалификациялары мен ғылыми дәрежелері
Жалпы хирургия бойынша жоғары біліктілік санатына ие. 1998 жылы «Асқазан және ұлтабар ойық жара аурулары мен олардың асқынуларының хирургиялық тактикасы» тақырыбында 14.00.27 – хирургия мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.
2002 жылғы қыркүйектен 2013 жылғы қыркүйекке дейін кафедра доценті және оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2004 жылғы 10 қыркүйекте ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылыми кадрлар комиссиясының шешімімен медицина мамандығы бойынша доцент атағы берілді.
2009 жылы «Тас ауруы және оның асқынуларын емдеуде аз инвазивті хирургиялық араласулардың тиімділігі» тақырыбында 14.00.27 – хирургия мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғады. Бұл диссертация 2010 жылғы 31 наурыздағы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен мақұлданды.
2021 жылы медицина мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
Еңбек қызметі
2013 жылғы қазаннан 2025 жылға дейін госпиталды хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
Ғылыми қызметі
245 ғылыми еңбектің авторы және бірлескен авторы, соның ішінде: 2 монография; 1 хирургия бойынша асқазан мен ұлтабарға арналған атлас; 2 оқу-әдістемелік құрал; 1 әдістемелік ұсыным; 3 хирургия бойынша практикум; 27 өнертабыстар және 7 авторлық куәлік; 9 рационализаторлық ұсыныстар. 6 медицина магистрін және 4 PhD докторатын дайындады. Қазіргі уақытта 4 докторлық диссертацияның жетекшісі болып табылады.

