Батенова Гүлнар Баяхметқызы

Батенова Гүлнар Баяхметқызы

Ассистент, кафедра оқу ісі меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер-кардиолог

Батенова Гүлнара Баяхметқызы – кафедраның оқу ісі жөніндегі меңгерушісі. 1994 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. «Кардиология» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер, «жедел жәрдем» дәрігері сертификатына ие. Пирогов атындағы РНИМУ аспирантурасын аяқтаған. Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасының кардиология бөлімінде емдік қызмет жүргізеді.

Батенова Гүлнара Баяхметқызы өз ісінің білікті және тәжірибелі педагогы ретінде танылған, қазақ және орыс топтарында сабақ береді. Ол студенттерге, курсанттарға және парамедиктерге арналған 3 оқу-әдістемелік құралдың авторы. Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген, ағылшын тілінде сөйлей алады. Компьютерлік бағдарламалармен жақсы жұмыс істей алады. Оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізумен айналысады.

Оның Scopus және Web of Science базаларында индекстелген журналдарда 11 мақаласы, 4 ғылыми-әдістемелік нұсқауы мен құралдары жарияланған. Хирш индексі = 2 (Scopus дерекқоры). Батенова Г.Б. гранттық қаржыландыру аясындағы екі ғылыми жобада ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істеген.

2018 жылы АҚШ-тың Сент-Луис қаласында пациенттерді триаждау және шұғыл медицина бойынша бір айлық халықаралық тағылымдамадан өткен.

Эл. пошта

gulnara.batenova@smu.edu.kz