Эфендиев Имдат Муса оглы

Эфендиев Имдат Муса оглы

М.ғ.к.
Туған күні: 01.03.1962

«СМУ» КеАҚ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі. Медицина ғылымдарының кандидаты, балалар жұқпалы аурулары мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер
Кафедра қызметінің барлық түрлеріне жауапты. Докторанттар мен магистранттардың ғылыми жетекшісі. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – балалардағы жұқпалы ауруларды диагностикалау мен емдеудің республикалық клиникалық хаттамаларын әзірлеуші. 2016 жылдан – ШҚО, 2022 жылдан Абай облысының балалар бас инфекциялық маманы.

 

Эфендиев Имдат Муса Оглы, 1962 жылы туған, 1981-1983 жылдар аралығында КСРО Қарулы Күштері қатарында әскери қызмет атқарды. 1990 жылы Семей мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін бітірген. 1990 жылдан 1992 жылға дейін клиникалық ординатурада оқыды, 1992 жылдан 2002 жылға дейін Семей мемлекеттік медицина академиясының балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті; 2002 жылдан 2007 жылға дейін балалар жұқпалы аурулары курсының меңгерушісі, 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «СМУ» КеАҚ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі.

Эл. пошта

imdat.efendiyev@smu.edu.kz