Халел Арайлым Абайбекқызы

Халел Арайлым Абайбекқызы

Инспектор
Туған күні: 22.06.1994

Лауазымдық міндеттері

  1. Бастапқы есепке алу құжаттамасының бірыңғай нысандарына сәйкес университеттің, оның бөлімшелерінің жеке құрамының есебін жүргізеді;
  2. Еңбек заңнамасына, Басқарма Төрағасы – ректордың ережелері мен бұйрықтарына, сондай-ақ кадрлар бойынша өзге де белгіленген құжаттамаға сәйкес қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды ресімдейді;
  3. Қызметкерлердің жеке істерін қалыптастырады және жүргізеді, оларға еңбек қызметіне байланысты өзгерістер енгізеді;
  4. Біліктілік, аттестаттау, конкурстық комиссиялар және қызметкерлерді көтермелеу мен марапаттауға ұсыну үшін қажетті материалдарды дайындайды;
  5. Еңбек кітапшаларын және өзге де құжаттарды толтырады, есепке алады және сақтайды, қызметкерлердің еңбек қызметі туралы анықтамалар береді;
  6. Қызметкерлердің еңбек кітапшаларында және өзге де құжаттарында жазбалар жүргізеді;
  7. Қызметкерлердің сандық, сапалық құрамы және олардың қозғалысы туралы ақпаратты Ұйым персоналы туралы деректер банкіне енгізеді, оның уақтылы жаңартылуын және толықтырылуын қадағалайды;
  8. Қызметкерлерге демалыс беру есебін жүргізеді, кезекті Демалыс кестелерінің жасалуын және сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  9. Кадрлардың ауысу себептерін зерттейді, оны төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады;
  10. Ағымдағы сақтаудың белгіленген мерзімдері өткеннен кейін құжаттарды мұрағатқа сақтауға тапсыруға дайындайды;
  11. Белгіленген есептілікті жасайды.

 

Мен, Халел Арайлым Абайбекқызы 22.06.1994 жылы Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келдім. 2001 жылдың қыркүйек айында Семей қаласындағы No19 орта мектептің бірінші сыныбына бардым, 2012 жылдың мамыр айында Қарауыл ауылында Шәкерім орта мектебінде 11 сыныпты бітірдім. 2012 жылдың қыркүйек айында Өскеман қаласында күндізгі оқу бөліміне түстім. 2013 жылы туған жерім Семей қаласына КАЗГЮУ жоғары оқу орныны ауысып, 2017 жылы бакалавр дәрежесін алдым. 2018ж-2023жж аралығында Семей қаласы бойынша балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде хатшы болып жұмыс жасадым.

Эл. пошта

arailym.khalel@smu.edu.kz