Хисметова Зайтуна Абдулкасимовна

Хисметова Зайтуна Абдулкасимовна

Медицина ғылымдарының кандидаты, профессор
Туған күні: 04.08.1966

1994 ж. – Семей қаласының Мемлекеттік медицина институтын (ШҚО) тәмамдаған.

Педагогикалық өтілі – 30 жыл.

14.00.33 «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты (2000 ж.), қауымдастырылған профессор (2019 ж.).

«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері, куәлік № 0157 ҚР ДСМ (2018 ж.), ҚР ДСМ-нің «Құрмет грамотасымен» марапатталған (2020 ж.).

Соңғы 5 жылдағы біліктілікті арттыру курстары:

  • «Медициналық көмектің сапасын сараптау: ішкі сапа бақылауынан аккредитация стандарттарына дейін. Үдерістік тәсіл», 2022 ж.;
  • «Ұлттық аккредитация жүйесі және аккредитация стандарттары», 2023 ж.;
  • «Денсаулық сақтаудағы тиімді коммуникациялар және сервис», 2023 ж.;
  • «Денсаулық сақтауды басқару және маркетинг», 2023 ж.;
  • «Білім берудегі менеджмент: академиялық үдеріс пен білім беру бағдарламаларын басқару», 2023 ж.;
  • «Медициналық қызмет нәтижесінде пациенттердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактілерін анықтау бойынша тәуелсіз сараптамалық комиссия қызметін ұйымдастыру мәселелері», 2024 ж.

Ғылыми әлеуеті: Scopus деректер базасында h-индексі – 6; 90-нан астам ғылыми мақаланың авторы; 10 PhD білім алушылардың (оның 6-ы ғылыми дәрежесін қорғаған) және «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» мамандықтары бойынша 30 магистранттардың ғылыми жетекшісі.

Ғылыми жобалар:

  1. Қазақстандағы COVID-19 кезіндегі мінез-құлық аспектілері (ДДСҰ, 2020 ж.);
  2. «ШҚО радиациялық әсерге ұшыраған халық арасында COVID-19-дың жағымсыз салдарын диагностикалау, болжау және емдеу жүйесін әзірлеу» (2021 ж.);
  3. «Еңбек және қоршаған орта гигиенасы саласындағы магистрлік бағдарламаларды үйлестіру және өзара мойындау / HARMONEE» (2020–2023 жж.);
  4. «Семей қаласы тұрғындары арасында дәрілік заттарды дұрыс жоймауды азайту мақсатында мінез-құлықтық араласуларды енгізудің пилоттық жобасы» (2024–2025 жж.);
  5. «Иондаушы сәулеленуге ұшыраған адамдардың ұрпақтарының денсаулығына радиациялық әсердің интегралды бағасы» (2025–2026 жж.);
  6. «Ерлердің репродуктивті денсаулығын қорғау жүйесін жетілдіруге арналған цифрлық платформаның моделі» (2025–2028 жж.).

Эл. пошта

zaituna.khismetova@smu.edu.kz