1991 жылы Семей мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін үздік бітірді.
1991-1993 жж. Семей мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетінің балалар аурулары кафедрасында клиникалық ординатурада оқыды.
1993 жылдан бастап СММИ емдеу факультетінің балалар аурулары кафедрасының ассистенті.
2018-2020 жылдары- Отбасылық медицина кафедрасында оқу ісіне жауапты, доценттің м.а. болып жұмыс істеді.
2020-2022 жылдары – “Семей медицина университеті” КеАҚ жалпы дәрігерлік практика кафедрасының меңгерушісі.
2022 жылдың қыркүйегінен бастап-дипломнан кейінгі білім беру мектебінің деканы.
2023 жылдың мамыр айынан бастап дипломнан кейінгі білім беру, жұмысқа орналасу жəне түлектер мансабы Мектебінің деканы.
“Педиатрия (жедел медициналық көмек)” мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер. “Жалпы дәрігерлік практика (отбасылық медицина)”, “Педиатрия (Неонатология)”маманының сертификаты. Денсаулық сақтау үздігі.
Шетелдік тағылымдама:”Педиатрия, Кардиология”. RAMBAM Health Care Campus. Israel, Haifa, 12.11-08.12.2017 ж
2012-2017 жж-Семей қ. ММУ жедел және шұғыл медициналық көмек функционалдық курсының координаторы.
2006-2015 жылдары – “Семей қаласының педиатрлар қауымдастығының” хатшысы.
2012 жылдан – “Семей қаласының педиатрлар қауымдастығының” кеңес мүшесі .
2013-2016 жылдары – “жалпы медицина” факультеті деканының орынбасары.
2012 – 2016 жж. – ЖМФ 5 курсында МАК жауапты хатшысы.
2015-2017 жылдары – «Жалпы медицина», «Стоматология» және «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша ББК төрағасы және «Жалпы медицина» мамандығы бойынша жауапты.
2019-2020 оқу жылында – «Жалпы медицина» мамандығы бойынша ББК төрағасы, «Жалпы медицина» мамандығының 5 курс координаторы.
Университет деңгейінде, Қазақстан Республикасында, жақын және алыс шетелдерде 120-дан астам ғылыми еңбектері жарық көрді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің комиссия құрамында болды. (2016, 2018 ж.).