2005-2011 жж. Семей мемлекеттік медицина академиясында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқыды. 2011-2012 жж «Акушерия және гинекология» мамандығы бойынша интернатурадан өтті. 2015 ж. – «Сәулелік диагностика» мамандығы бойынша білім алды. 2020 жылда радиациялық диагностика мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курсын аяқтады. 2019 жылдан – СМУ КеАҚ радиология кафедрасының ассистенті.
2013 жылдан бастап қазіргі таңда облыстық перинаталдық орталықта науқастарды қабылдауда. Ультрадыбыстық диагностика мамандығы бойынша екінші санатты дәрігер. Рентгенология резиденттері мен сәйкес мамандықтар үшін сабақтар жүргізеді.