1992 жылы Семей мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірді. СММИ биология кафедрасында іштей аспирантурада оқыған.1998 жылдан биология кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеді. 2004 жылдың ақпан айынан молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының доценті. 2002 жылдан 2007 жылға дейін СММА шетел бөлімінің деканы болып қызмет атқарған. 2007 жылдан 2016 жылға дейін – кредиттік оқу жұйесінің, стоматология және шетел бөлімі деканы. 2016 жылдан 2018 жылға дейін дипломға дейінгі білім беру деканы. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР ҰҒА-ның академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі. Университеттің Ғылыми кеңесінің хатшысы, Академиялық кеңес мүшесі, білім беру бағдарламаларының және университеттің әртүрлі жұмыс топтары мен комиссиясы құрамының мүшесі. «Жасушалық метаболизм» комитиінің директоры. 160 баспа жұмысының және екі рационализаторлық ұсыныстың, 2 оқу құралының, «Молекулалық биология және медициналық генетика» пәніне арналған орыс-қазақ-ағылшын тілдеріндегі түсіндірме терминологиялық сөздіктің, ағылшын тілінде “Molecular Biology” оқулығының авторы. Ағылшын тілін меңгерген, IELTS (5.5), TOEFL iTP (470), TOEFL iBT (87) сертификаттарының иегері.
Қызмет саласы: медициналық генетика, медициналық білім беру, жоғары оқу менеджменты, кредиттік технология мен оқытудың инновациялық әдістемелерін енгізу

