2001 жылы Семей мемлекеттік медициналық академиясын «дәрігер-педиатр» мамандығы бойынша тәмамдады. 2001–2004 жылдар аралығында СВА-да учаскелік дәрігер болып жұмыс істеді, 2004 жылдан қазіргі уақытқа дейін Д.М.Түсіпова атындағы педиатрия кафедрасының ассистенті қызметін атқарады. 2012–2015 жылдары жоғары оқу орнының ғылыми –техникалық жобаға қатысып, әдістемелік құрал шығарды, 25-тен астам ғылыми еңбектері бар, 2012–2013 оқу жылдарында «Үздік оқытушы» номинациясымен марапатталған, дәрігерлер мен мейірбикелерге біліктілікті арттыру курстарын өткізген. 2015 жылы «Медицина» мамандығы бойынша магистратураға түсті. 2017 жылы магистрлік диссертациясын қорғап медицина магистрі академиялық дәрежесін алды. 2021–2023 жылдары «Жалпы медицина» мамандығының 3 курсындағы ББҚ төрағасының орынбасары және «Қан түзу және лимфа жүйесі патологиясы» бойынша коммити директоры болған. Соңғы жылдары «Педиатрия» білім беру бағдарламасы бойынша ББҚ құрамында жұмыс атқарған. 2025 жылдан бастап 3–4 курстың «Педиатрия» білім бағдарламасының координаторы жұмысын атқарады. Кафедрада оқу-әдістемелік жұмыс бойынша жауапты міндетін атқарады. І санатты дәрігер-педиатр. Емдеу ісін ғылыми-зерттеу қызметімен табысты ұштастырады. Жалпы медициналық еңбек өтілі – 24 жыл, педагогикалық – 21 жыл. Өзінің кәсіби деңгейін жүйелі түрде арттырып отырады. Еңбек өтілі барысында бірнеше рет университет деңгейінде мақтау қағаздарымен, Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен», сондай-ақ 2024 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Рахимбаева Салтанат Жанибеккызы
Медицина магистрі, Ассистент
Туған күні: 24.08.1977
Эл. пошта
saltanat.rakhimbayeva@smu.edu.kz

