1989-1995 жж. Семей мемлекеттік медицина институтында емдеу ісі мамандығы бойынша оқыды. 1998 жылы “Семей өңірі тұрғындарының иммундық жүйесіндегі жасқа байланысты өзгерістер” тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2000 ж. – радиациялық медицина курсының доценті, 2010 жылдан сәулелік диагностика курсы доценті, 2018 жылдан радиология кафедрасының доценті.
“Жалпы медицина” мамандығы бойынша 3 курс, “Стоматология” мамандығы бойынша 4 курс студенттеріне сабақ өткізеді. Бакалавриат студенттері мен резидент рентгенологтардың кураторы. Бірінші біліктілік санатты дәрігер.
25-тен астам ғылыми жарияланымдардың авторы. Қатысушы International Training Course on Medical respons radiation accidents and disasters, HICARE in Hiroshima, Japan (2018).
2018 жылы Данияр Толегенович «Медицина саласының үздігі» медалімен марапатталды.