Эпидемиология және биостатистика кафедрасында 2021 жылдың басынан бері жұмыс істейді. Сабақтарды орыс және ағылшын тілдерінде жүргізеді.
2010 жылы Семей Мемлекеттік Медицина Университетінің Емдеу факультетін, 2011 жылы «Ішкі аурулар» мамандығы бойынша интернатураны, 2013 жылы «Сәулелік диагностика» мамандығы бойынша резидентураны бітірді. 5 жыл бойы университеттік ауруханада радиациялық және функционалдық диагностика бөлімінде жұмыс істеді. 2020 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша докторантураны бітірді.