Шеризатова Биби Анарбекқызы

Шеризатова Биби Анарбекқызы

Оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
Туған күні: 28.10.1992

Биохимия және химиялық пәндер кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, докторант

2014 жылы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Химия» мамандығы бойынша бакалавриатын аяқтады. 2016 жылы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Химия» мамандығы бойынша магистратурасын аяқтап, педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды.

2016 жылдан бастап Биохимия және химиялық пәндер кафедрасында оқытушы қызметін атқарып, оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады.

Оқу пәндері бойынша блюпринттер құрастырады. 1 курс студенттеріне «Медицина», «Стоматология» және «Фармация» білім беру бағдарламалары бойынша «Жалпы химия» және «Органикалық химия» пәндерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізеді.

«Фармация» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне «Дәрілік заттардың органикалық синтезінің негіздері» және «Дәрілік заттарды зерттеу мен талдаудың жалпы әдістері» пәндерін, 4 курс студенттеріне «Табиғи биологиялық қосылыстар» және «Биологиялық белсенді қосылыстарды талдау» пәндерін қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді.

Қазіргі уақытта «Шәкәрім университеті» КеАҚ-да 8D05301 – «Химия» білім беру бағдарламасы бойынша докторантурада білім алуда.

Эл. пошта

bibi.sherizatova@smu.edu.kz