Шумский Николай Александрович

Шумский Николай Александрович

Академиялық дәрежесі «Аударма ісі» бакалавры
Туған күні: 07.06.1990

Жауапкершіліктері, міндеттері:

  • ХЫБ жұмысына басшылық жасау;
  • Бөлімнің функцияларын іске асыру барысында ХЫБ қызметкерлеріне тәлімгерлік және кеңес беру;
  • Бөлімнің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша университет басшылығына болжамды, ақпараттық, статистикалық, талдамалық материалдар дайындау;
  • Бөлімнің құзыреті шегінде университеттің нормативтік базасын құруға қатысу;
  • Сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бойынша «СМУ» КеАҚ қызметін үйлестіру және жүзеге асыру;
  • Халықаралық қызметті жоспарлауды жүзеге асыру, шетелдік жоғары оқу орындарымен және ұйымдармен ынтымақтастық туралы шарттық міндеттемелерді іске асыру жөніндегі жоспарларды дайындауға басшылық жасау;
  • Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бюджетін жоспарлауды жүзеге асыру, сметалар жасау, қаржыландыруға өтінімдер беру және комиссия алдында өтінімдерді қорғау;
  • «СМУ» КеАҚ-ның халықаралық қызметі және сыртқы байланыстары туралы есептерді жасау;
  • «СМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы–Ректорының бұйрықтары мен өкімдерін халықаралық ынтымақтастық бөлімінің орындауын бақылау, сондай-ақ бақылауға алынған нұсқаулар мен тапсырмалардың орындалу мерзімдерін сақтау;
  • «СМУ» КеАҚ құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынастарда халықаралық ынтымақтастық бөлімін – оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыну;
  • ЖОО-лардың халықаралық қызметінің нысандары мен әдістері туралы, халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлық үшін гранттар ұсынатын қорлар мен ұйымдар туралы ақпарат жинауды, талдауды және таратуды ұйымдастыру;
  • Ресми делегацияларды сүйемелдеу, бағдарламаның іскерлік бөлігінің орындалуын қамтамасыз ету, қажет болған жағдайларда сапар бағдарламасында көзделген іс-шараларға қатысуды қамтамасыз ету;
  • «СМУ» КеАҚ-ның халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық нәтижелері мен тиімділігінің мониторингі;
  • Халықаралық және өңіраралық байланыстарды дамытуға бағытталған алыс шет мемлекеттерде өткізілетін ұлттық және шетелдік іс-шаралар туралы ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асыру.

 

Жоғары білімі бар. 2012 жылы «Қайнар» университетін (Семей қ.) «Аударма ісі» мамандығы бойынша бітірген.

2013 жылдан бастап «Семей медицина университеті» КеАҚ-да жұмыс істейді.

2013-2024 жылдар аралығында халықаралық ынтымақтастық бөлімінде аудармашы қызметін атқарды.

2024 жылдан бастап бөлім бастығы болып тағайындалды.

Эл. пошта

nikolay.shumskiy@smu.edu.kz