2008 жылы СММА-ны (Семей мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. 2009 жылдан бастап биохимия және химиялық пәндер кафедрасында қызмет атқарып келеді. 2010 жылы магистратураға түсіп, 2012 жылы магистратураны үздік дипломмен аяқтаған. 2014–2017 жылдар аралығында «Медицина» мамандығы бойынша докторантурада білім алған. 2013–2014 және 2014–2015 жылдары кафедра меңгерушісінің оқу ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарған. 2013 және 2014 жылдары «Университеттің үздік кураторы» атағына ие болған. 2012–2013 және 2014–2015 жылдары ОМФ Кураторлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. 2014–2015 жылдары Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы міндетін атқарған. 2019–2023 жылдары университеттің кәсіподақ ұйымының төрағасы болды. 2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедра меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
СМУ КеАҚ Ғылыми кеңесінің мүшесі, Академиялық кеңестің мүшесі, Кураторлар кеңесінің төрағасы, Терминологиялық комитеттің мүшесі.
40-тан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде Web of Science Core Collection және Scopus деректер базаларына кіретін ғылыми журналдарда жарияланған еңбектердің авторы. Хирш индексі – 2. Қазақ және орыс тілдерінде 6 оқу-әдістемелік құралдың және 1 монографияның авторы. 2 авторлық куәлігі бар. Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі – 17 жыл.

