1970 жылы 31 желтоқсанда Қарағанды облысы Егінді бұлақ ауданында туған. Білімі орташа. Қазіргі жұмыс орны “Семей медицина университеті” КеАҚ профессор Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасында рәсім қызметін атқарушысы.
2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін осы кафедрада қызмет істейді. Тәжірибелік сабақтардың ұйымдастырылуы мен студенттердің зертханалық жұмыстарын қамтамасыз етілуін қадағалайды. Жұмысқа ұқыпты, жұмысқа жауапкершілікті. Айжан Амантайқызы студенттер мен әріптестерінің арасында беделді. Тиянақты, белсенді, мейірімді. Кафедра ұжымында сыйлы.

