Ыгиева Диана Габдыгалиевна

Ыгиева Диана Габдыгалиевна

Ассистент, PhD, медицина ғылымдарының магистрі, терапевт дәрігер
Туған күні: 14.01.1994

Ыгиева Диана Габдығалиевна 2016 жылы Семей мемлекеттік медицина университетін «жалпы медицина» мамандығы бойынша аяқтаған. «Терапия» мамандығы бойынша дәрігер сертификатына ие.
Қазіргі уақытта Семей қаласының Жедел медициналық көмек ауруханасының қабылдау-диагностикалық бөлімінде емдік қызмет атқарады.

Білімі мен кәсіби даярлығы

2021–2024 жж. — «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша докторантура, «МУС» КеАҚ (Медициналық университет Семей).
2025 жылы 8D10101 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Қазақстандағы шұғыл медициналық қызмет құрылымын оңтайландыру және тиімділігін арттыру» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғапPhD философия докторы ғылыми дәрежесін алды.

2018–2020 жж. — «Медицина» мамандығы бойынша магистратура, Семей медицина университеті.
2020 жылы медицина магистрі академиялық дәрежесіне ие болды.

2016–2018 жж. — «Терапия» мамандығы бойынша интернатура.
2018 жылы өз түлектері арасында ең үздік терапевт-интерн ретінде танылды.

2011–2016 жж. — «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриат (ағылшын тіліндегі топта оқыған).

Ыгиева Диана Габдығалиевна өзін білікті және тәжірибелі педагог ретінде көрсетті, қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде сабақ береді.
Ол студенттерге, тыңдаушылар мен парамедиктерге арналған 2 оқу-әдістемелік құралдың авторы.
Компьютерлік бағдарламаларды еркін меңгерген, оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізуменайналысады.

Ғалымның Scopus және Web of Science базаларында индекстелген 11 ғылыми мақаласы бар.
Оның Гирш индексі (Scopus) — 2.

Ыгиева Д.Г. гранттық қаржыландыру шеңберіндегі екі ғылыми жобаның мүшесі болған.

2023 жылы ол докторлық диссертацияға дайындық аясында Израильде шұғыл медицина бойынша халықаралық тағылымдамадан өтті.

Эл. пошта

diana.ygiyeva@smu.edu.kz