Жұмаділова Зәуреш Кенжеқанқызы

Жұмаділова Зәуреш Кенжеқанқызы

Медицина ғылымдарының докторы, профессор

Жұмаділова Зәуреш Кенжеқанқызы 1981 жылы Семей медициналық институтын үздік бітірген. 1989 жылы кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін госпитальдық терапия кафедрасында ассистент болып жұмыс істеді. 1993 жылы доцент ғылыми атағын алды. 2004 жылы «Ревматоидты артриттің сараланған терапиясының клиникалық-иммуногенетикалық негіздемесі» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. 2006 жылы профессор атағы берілді. 2003-2018 жылдар аралығында ішкі аурулар кафедрасын басқарды. 2018 жылдан – факультет терапиясы кафедрасының профессоры.

2008 жылы азаматтардың денсаулығын қорғауға қосқан жеке үлесі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2010 жылы «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталды. 2013 жылы СМУ 60 жылдық мерейтойына орай «Сіңірген еңбегі үшін отбасылық медицина университеті» төсбелгісімен марапатталды. 2018 жылы Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің 65 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

180-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың, монографиялардың авторы. Өнертабысқа 6 авторлық куәлігі және 18 рационализаторлық ұсынысы бар. Профессор Жұмаділова З.Қ. жоғары санатты дәрігер. Ұзақ жылдар бойы Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің университеттік ауруханасының терапевтік бөлімдері мен емханасында, қала мен облыстың емдеу мекемелерінде дәрігерлік-кеңес беру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Эл. пошта

zauresh.zhumadilova@smu.edu.kz