Білім алушылардың оқу орнындағы міндеттері мен құқықтары, ішкі тәртіп ережелері жөнінде кураторлық сағат өтті

Білім алушылардың оқу орнындағы міндеттері мен құқықтары, ішкі тәртіп ережелері жөнінде кураторлық сағат өтті

Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай, «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы».

Семей медицина университетінің балалар жұқпалы аурулар кафедрасында «Білім алушылардың этика кодексі» мен «Ішкі тәртіп ережесі» құжаттамасы негізінде, тәлімгердің оқу орнындағы міндеттері мен құқықтары, ішкі тәртіп ережелері, коллективті жұмыс істеу қағидалары, оқу процессі кезіндегі уақытты тиімді өткізу бойынша 431 және 406 топ студенттерімен кураторлық сағат өткізілді.

 

Кафедра ассистенттері Е.С. Смаилов, Э.М. Ержигитова

Опубликовано:
Рубрики: События в МУС