«Университет кубогы» турнирі өтті

Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері арасында үстел теннисінен «Университет кубогы» турнирі өтті 2026 жылғы 28 қазанда Семей медицина университетінде Қазақстан Республикасы күні мерекесіне орай профессорлық-оқытушылық құрам мен университет қызметкерлері арасында үстел теннисінен «Университет кубогы» турнирі өтті. Спорттық іс-шара университет Басқармасының қолдауымен дене шынықтыру кафедрасы мен кәсіподақ комитетінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді. Турнирдің негізгі мақсаты — салауатты…

Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

19 маусым күні университеттің бас оқу ғимаратының мәжіліс залында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға университет қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы, ардагерлер мен құрметті қонақтар қатысты. Іс-шара барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, облыс әкімінің орынбасары және университет басшылығы құттықтау сөз сөйлеп, медицина қызметкерлерінің қоғам алдындағы еңбегін жоғары бағалады. Салтанатты рәсімде бірқатар қызметкерлер «Еңбек…

Медицина қызметкері күніне арналған спартакиада

Медицина қызметкері күніне орай 8–10 маусым аралығында Медициналық университеттің қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамы арасында спартакиада өтті. Спорттық жарысқа алты команда қатысып, үстел теннисі, нысана ату және эстафеталық ойындар бойынша өзара бақ сынасты. Үш күнге созылған жарыс барысында қатысушылар жоғары спорттық дайындықтарын, ұйымшылдықтарын, жеңіске деген жігерлерін және командалық рухтарын көрсетті. Жарыстар достық, өзара сыйластық және салауатты…

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты жиналыс!

2025 жылғы 5 мамырда “Семей медицина университеті” КЕАҚ әскери кафедрасында оқитын 4 курс студенттері мен оқытушылары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күніне арналған “Семей медицина университеті” КЕАҚ өткізетін іс –шараға қатысты. Басқарма төрағасы– м. ғ. д. профессор Дюсупов Алтай Ахметқалиұлы, университет ардагерлері, әскери кафедра бастығы, Ауғанстан және Тәжікстан…

Қос мерекеге арналған салтанатты шара

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күні қарсаңында университеттің Кәсіподақ комитетінің және әскери кафедраның қолдауымен университетте Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті. Іс-шара барысында университет ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, оқу орнында еңбек ететін ерлер қауымына құттықтау сөздер айтылды, білім алушылар сыйлықтар табыс етті, концерттік бағдарлама аяқталғаннан кейін жиналғандарға университет ауласында сарбаздар тамағы ұсынылды.