Қазақстан халқының бірлік күні

2026 жылғы 30 сәуірде жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасында кафедра меңгерушісі, профессор А.А. Дюсупова және доцент Адильгожина С.М. жетекшілігімен 5110 ЖМФ тобының студенттерімен «Қазақстан халқының бірлігі күніне» арналған дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында көпұлтты қоғамдағы бейбітшілік пен достықтың маңызы және түрлі этнос өкілдері арасындағы өзара құрмет мәселелері талқыланды. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өз ойларын білдіріп,…

Ұлы ғалым, ағартушы және саяхатшы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл

Әскери кафедра оқытушылары Орынбасаров Шыңғыс Оразмұхамедұлы, Смаилов Нұрбек Саденұлы, Смағұлов Ардабек Төлеубекұлы, Мамыканов Ринат Төлеутайұлы және Айтқазин Роллан Амантайұлының бастамасымен студенттерге ұлы ғалым, ағартушы және саяхатшы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған танымдық дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге Шоқан Уәлихановтың өмір жолы мен ғылыми еңбектерін таныстыру, сондай-ақ оның қазақ ғылымы мен мәдениетінің дамуына…

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ҚҰРМЕТТЕУ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ

2026 жылдың 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «СМУ» КеАҚ-да жалпы білім беру пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың парызы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – азаматтық сана-сезімді, патриоттық рухты және елдің мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды нығайту. Дөңгелек үстел жұмысына оқытушылар мен студенттер қатысып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік…

«Ауыр астма: диагностика мен емдеудің заманауи стратегиялары» тақырыбында симпозиум

2026 жылғы 22 мамырда терапия кафедрасында кафедра ассистенттері С.Ю. Маймышева мен С.А. Асанованың жетекшілігімен, пульмонология резиденттерімен бірлесіп, «Ауыр астма: диагностика мен емдеудің заманауи стратегиялары» тақырыбында симпозиум ұйымдастырылды. Іс-шара «Облыстық фтизиопульмонология орталығының» пульмонолог дәрігерлеріне, сондай-ақ терапия және эндокринология бағытындағы резиденттерге арналды. Симпозиум барысында резиденттер Еуропалық респираторлық қоғамның «GINA-2025» клиникалық хаттамасының негізгі мәселелерін баяндап, клиникалық жағдайды ұсынды.…

Адалдық мектебі аясында “Заң және тәртіп” дөңгелек үстелі

2026 жылғы 17 сәуірде ҚР ҰҒА академигі Т. Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары 1101, 1102, 1103, 1104, 1105, 1222, 1239, 1245 кураторлық топтардың студенттеріне «Заң мен тәртіп» бойынша дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – студент жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге баулу, тәртіп пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру, сондай-ақ…